«Қазір өзін-өзі ұсынған 41 кандидаттың 19-ы мемлекеттік қызмет заңнамасының біліктілік талаптарына сай деп танылды. Кандидаттардың екеуі - әйел, қалғаны - ер адам. Ең жас кандидат 28 жаста. Саяси партиялардан кандидаттар әзірге ұсынылған жоқ», деді Ғалым Қонақбайұлы.
Сайлау қорытындысы үш күн ішінде қорытындысы шығарылады. Жеті күн ішінде аумақтық комиссия сайланған әкімді тіркеп, кейін ол өз өкілеттігін бастайды. Өкілеттік мерзімі - 4 жыл.
Айта кетейік, аумақтық комиссияның күнтізбелік жоспары бойынша кандидаттарды ұсыну 9 шілдеде сағат 18:00-де, ал тіркеу 14 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады.