4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында Astana Opera Халықаралық опера академиясы жұмысын бастайды. Академияның негізгі мақсаты – еліміздің және тұтастай еуразиялық кеңістіктің жас әншілерін кәсіби тұрғыдан даярлау, деп хабарлай Egemen.kz.

«Астана Опера» театрының директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров опера академиясын ашудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, әлемде көптеген әйгілі театрдың өзіндік опера академиясы бар. Онда жас вокалистерге кәсіби тұрғыдан жетілуге мүмкіндік беріледі әрі үлкен сахнада жұмыс жасауға дайындайды.
«Бүгінде Қазақстанда кәсіби вокал мектептері бар, ол жерде опералық ән айту өнерін үйретеді. Біздің академиямыздың бірегейлігі – конкурстық тыңдау нәтижелері бойынша академияға түскен жас әртістер вокалдан сабақ алудан бөлек, екі жыл бойы түрлі пәндерді оқиды. Бұдан бөлек, жас вокалистердің болашағы жарқын: әлемнің танымал әншілері мен өз қызметінің аясында мол тәжірибесі бар тәлімгер ұстаздарды шеберлік сабағын өткізуге шақырамыз. Демек бір мезетте өз бейінінің түрлі салаларында кәсіби өсу мүмкіндігіне ие болады», дейді ол.
Театр директоры білім беру бағдарламасына шет тілін үйрену, сахналық қимыл-қозғалыс пен актерлік шеберлік енгізілетнін айтты. Себебі классикалық репертуардың айтарлықтай бөлігі итальян тілде жазылған.
Сондай-ақ, жас әртістер театр қойылымдарына қатысып, рөл сомдай алады. «Астана Опера» Камералық залы сахнасында түрлі концерт ұйымдастыру да қарастырылған. Astana Opera Халықаралық опера академиясы –жоғары білікті мамандардан білім ала отырып, жас опера әншілеріне шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін бағдарлама.
Театр баспасөз қызметінің хабарлауынша, вокал академиясының салтанатты ашылуы 4 шілде күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді.
Спикердің айтуынша, ашылу салтанатына Марианджела Сицилия, маэстро Джузеппе Акуавива, Риккардо делла Шукка, Маттиа Росси (Италия), Либуше Санторисова (Чехия-Италия), Бадрал Чулуунбаатар (Моңғолия), Саян Исин (Қырғызстан) сияқты жұлдыздарды шақырылған. Сондай-ақ қазір Германияның опера театрларында өнер көрсетіп жүрген Бауыржан Әндержанов те қатысады. Қазақстандық жұлдыздар – Италия Жұлдызы орденінің иегері Медет Чотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген шетелдік байқаулардың лауреаты Жұпар Ғабдуллина, баритон Талғат Мұсабаев, «Большая опера» телевизиялық жобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова, Айгүл Ниязов, Азамат Жылтыркөзов және қазақстандық опера сахнасының танымал тұлғалары өнерін тыңдарманға паш етеді. Сонымен бірге концертке «Астана Опера» симфониялық оркестрі, хоры және балеті қатысады.
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 19:45
Шымкенттегі жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 19:24
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Антикордың жалған жұмысшысы Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен
ANTIKOR • Бүгін, 18:20
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Президент «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды
Президент • Бүгін, 16:25
Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:49
Елордалық ЖОО-да конституциялық түзетулер мен алдағы референдум талқыланды
Елорда • Бүгін, 15:20
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 14:47
Премьер-Министр «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесу өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:25
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:43
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:14
Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған
Білім • Бүгін, 12:47
Семсерлесу федерациясының президенті мен бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:23
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Бүгін, 11:55
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Бүгін, 10:50
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:18
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Президент «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:17
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар