03 Қаңтар, 2014

«Дала уәлаяты» газетінің жарық көргеніне 126 жыл толды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03 12-GazetaОсы жылдың 1 қаңтарында «Дала уәлаяты газетінің» жарық көргеніне 126 жыл толды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Басылым Омбы қаласында 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін қазақ, орыс тілдерінде «Акмолинские областные ведомоста» газетіне қосымша ретінде шығып тұрды.

Газеттің қазақша нұсқасына Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазин редакторлық жасады. Бастапқыда жарты баспа табақ көлемінде 4 бет болып аптасына бір рет басылған газет, сегізінші нөмірден бастап 1 баспа табақ көлемінде 8 бет болып шықты. Оның бейресми бөлімінде Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов туралы материалдар басылды. Сондай-ақ, Абай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Барлыбек Сыртанов, Отыншы Әлжанов, Сәдуақас Шорманов, Жағыпар Айманов, Асылқожа Құрманбаев, Қорабай Жапанов, Мұхамеджан Сералин, Жақып Ақбаев, Әміре Айтбақин және тағы басқалардың шығармалары, хаттары мен мақалалары жарияланып тұрды.

Басылым материалдары тәуелсіздік жылдары библиограф-ғалым Үшкілтай Субханбердинаның құрастыруымен 4 кітап болып жарық көрді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы

Фото: «Қазақстан» телеарнасы.