Ел және Елбасы • 04 Шілде, 2021

Римде Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті

354 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігінде Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың итальян тілінде жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы­ның салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.

Римде Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры­ның қолдауымен өткен іс-шара­ға Италияның саяси, қоғамдық жә­не ғылыми орталарының өкілде­рі қатысты. Олардың арасында Депутаттар палатасының вице-президенті Этторе Розато, депутат, «Қазақстан-Италия» дос­тық тобының президенті Эдмондо Чириэлли, Қазақстан-Италия сау­да палатасының төрағасы Паоло Гирелли, Қазақстанның Си­цилиядағы құрметті консулы Алес­сандро Арборио, Vision & Global Trends Жаһандық талдау халықаралық институтының президенті Тиберио Грациани және басқалар болды.

2017 жылдың желтоқсанында жарық көрген «Тәуелсіздік дә­уі­рі» кітабы тарихи публицис­ти­ка жанрында жазылған және ол автордың елдің жаңа тарихы мен оның болашағына деген көзқарасын көрсетеді. Елба­сы­ның еңбегінде дамудың «қа­зақстандық моделінің» мәні, эво­люциясы, негізгі қағидалары, механизмдері мен қозғаушы күштері сипатталған. Соның ар­қасында тоталитарлық жүйені ыды­ратып, нарықтық экономиканы құру міндеттері ойдағыдай шешілген болатын.

Қазақстанның Италиядағы ел­шісі Ерболат Сембаев кітап­тың тұ­саукесер рәсімін ашып: «Жас тә­уелсіз мемлекеттің қалып­та­суын­дағы маңызды кезеңдер ту­ралы кітап Қазақстан Рес­пуб­­­ликасының Тұңғыш Прези­ден­ті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың архивінде сақтал­ған же­ке естеліктеріне негізделіп жа­зылған», деді. Сондай-ақ елші кі­тап­ты итальян тіліне ауда­рудың Қа­зақстан мен Ита­лия арасындағы дос­тық қаты­настарды нығайту үшін ма­ңыз­дылығын атап өтті. «Бүгінде Италия Қазақстанның негізгі сау­да серіктестері тізімінде әлем бойынша екінші және Еуропа Одағы елдері арасында бі­рін­ші орынға ие жетекші инвес­тор­ларының бірі болып саналады», деді Е. Сембаев.

Тұсаукесер аясында Нұр­сұлтан Назарбаев Қоры атқа­ру­шы директорының орынбасары, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының Қазақстан Рес­публикасынан мүшесі Игорь Рогов бейнеүндеу жасады.

И.Роговтың пікірінше, «Қа­зақ­стандық табыстың формуласы этносаралық бірліктің үй­лесімді моделінен, прогрессивті эко­номикалық дамудан, сондай-ақ халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағыт­талған тиімді мемлекеттік сая­саттың негіздерін ұстанудан құ­ралады».

Тиберио Грациани: «Қазақ­стан әлемдік аренаға шықты. Еуразия континентіндегі екі алып­­тың ортасында тұрған ол ен­ді жаһандық ойыншыға айналып отыр. Бұл – Қазақстанның Ор­талық Азиядағы жағдайын ескере келгенде айтар сөз», деді.

Эдмондо Чириелли Елба­сы­ның Қазақстанды жаңар­тудағы, республиканың басқа елдермен достық қарым-қатынасын нығайтудағы орасан рөлін атап өтті. «Жоғары мәдениетті, жо­ға­ры адами және саяси көзқа­рас­тары бар Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды Орталық Азияда­ғы негізгі аймақтық ойыншы­­ға айналдыруда басты тұлға болып отыр. Ол Қазақстан Рес­публикасын көрегендікпен бас­қара білді және өз Отаны мен халқ­ының амандығы мен қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ете отырып, әлеу­меттік құндылықтар­ды ұлттық құндылықтармен үй­ле­с­тіре алды.

Мен Қазақстанның даму барысын әрдайым қадағалап отырдым. Сондықтан Назарбаевтың моделі мен стратегиялық саясаты ел мен оның халқын ұлы еткенін және басқа елдермен, атап айтқанда, Италиямен берік қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосқанын растай аламын», деді Эдмондо Чириэлли.

Италия Парламентінің депу­таттары Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президентінің итальян тіліне аударылған кітабы Ита­лия қоғамы мен азаматтары үшін Қазақстан тарихының жаңа бет­терін ашатынын, бұл өз кезе­гінде екі халықтың жақындасуына оң ықпал ететіні сөзсіз екенін атап өтті.

Тұсаукесер рәсімінің соңында «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы алда­ғы уақытта Италиядағы Орта Азия елдерін зерттейтін ғылы­ми орталықтардың, жергілікті кітапханалар мен жоғары оқу орын­дарының қорына берілетіні айтылды.