03 Қаңтар, 2014

Волгоградтағы терактілерден жапа шеккендерге көмек көрсетілуде

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03 01 - Volgograd terakt

Жақында орын алған екі бірдей терактіден жапа шеккен 65 адам Мәскеу мен Волгоград қалаларындағы ауруханаларда жатыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Әзірге жергілікті ауруханаларда 47 және Мәскеуде 18 адам емделуде, – деді Волгоград облысы губернаторының орынбасары Василий Галушкин. – Жарылыстан жапа шеккен тағы екі адамды Мәскеуге жеткізу жоспарланып отыр».

Ресейдің Волгоград қаласында тәулік ішінде екі бірдей теракт болды. 29 желтоқсан күні жергілікті теміржол вокзалында белгісіз біреу өз-өзін жарып жіберді. Ал ертеңіне тағы бір жанкешті лаңкес жолаушылар толы троллейбус ішінде үстіндегі жарылғыш құралды іске қосқан. Волгоградта орын алған лаңкестік әрекеттерденжалпы 34 адам қаза болды.    

Василий Галушкин сондай-ақ Волгоград облысының билігі 10 қаңтарда теракт салдарынан жапа шеккендерге және қаза болғандардың отбасына түгел өтемақы төлейтіндерін мәлімдеді. Қазіргі уақытта 56 адамға өтемақы төленген. Қаза болған 13 адамның отбасына облыстық бюджеттен 1 млн. және федералды бюджеттен 1 млн. рубль берілді. Ал жапа шеккен 43 адам 200 мың рубль көлемінде өтемақы алған.     

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com                    

Фото: Ntv.ru

Соңғы жаңалықтар