Тәуелсіздік • 05 Шілде, 2021

Тарих таңдаған елорда

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен қалалық архив мекемесі бірлесіп «Тарих таңдаған елорда» атты көрме ұйымдастырды.

Тарих таңдаған елорда

Аталмыш көрме XIX ға­сырдан бастап қазіргі күнге дейінгі елорданың тарихын баяндайтын архивтік құжаттар мен сирек кітаптардан құ­ралған екен. Атап айтатын болсақ, Ұлттық орталықтың қорында сақтаулы «Из­вес­тия» газетінің 1918-1921 жыл­дар аралығында жа­рық көрген әр санында бі­рін­ші дүниежүзілік соғыс ке­зеңіндегі қазақ елінің жағ­дайы және 1921-1922 жылда­ры аралығында еліміздің кей­бір облыстарын қамтыған ашар­шылықты баян ететін тақы­рыптар бар.

Сондай-ақ көрермен көр­ме сөресінен Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік ар­хивінің қорында сақтаулы құ­жаттарды тамашалай алады. Бұ­лардың арасы­нан Ақ­мо­ланың алғаш әскери бе­­кініс ретінде салынуын, қа­лыптасуын кезең-кезе­ңі­мен сипаттайтын фото-ар­хив­тік құжаттар көп­шілік назарын аударды. «Көр­ме шілде айының со­ңына дейін жал­ғасады», дейді ұйым­дастырушылар.