Президент • 05 Шілде, 2021

Президент Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың туыстарына көңіл айтты

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың туыстарына көңіл айтты

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

«Қазақстанның халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Әлішерқызы Қалыбекованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Әселхан Әлішерқызы айтыс көкжиегінде шоқ жұлдыздай жанып, халқының сүйікті ақын қызына айналды. Саналы ғұмырын киелі айтыс өнеріне арнап, жұртымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Соңында өшпес мұра қалдырды. Әселхан Қалыбекованың есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенемін. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25