Атырау облысында экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Каспиан Си Венчуранс Интернэшнл, ЛТД-Норт Каспиан» компаниясы филиалының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Gazeta. kz хабарлады.
Қаржы полицейлерінің дерегіне жүгінсек, аталған компанияның Атырау филиалы басшылығы 20007 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың желтоқсан айы аралығына дейін салық төлеуден жалтарып келген. Соның салдарынан мемлекет қазынасына 111 млн. теңге салық түспеген. Осыған байланысты салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Салық төлеуден жалтару фактісі бухгалтерлік есепті бұрмалау арқылы жүзеге асырылған екен.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Gazeta. kz
Фото: Newskaz.kz