Тарих • 05 Шілде, 2021

«Астана аруы» – Інжу

47 рет көрсетілді

Елорданың батыс жақ шетінде ор­наласқан Бозоққоныс-қала­шы­ғындағы ақсүйектер қорымына 2002 жылы жүргізілген қазба жұмысы барысындабіржарым метр тереңдікте ағаш табытқа салыпжерленген әйел адамның сүйегі табылған болатын. Бұл құнды артефактіні қазып алған археологтармәйітпен бірге табылған інжу тастардың көптігінеқарай оған «Астана аруыІнжу» деген ат берген еді.

Бозоқ қалашығының некрополінде та­былған бұл мәйітпенбірге жерленген бұйымдар ХІІІ-ХІV ғғ. Есіл бойынмекендеген тайпалық одақтың, мемлекеттің тарихы мен мәдениеті туралы көп ақпарат береді. Ең бастысы, орта ғасырда әйел адам­ның қоғамдағы орны жоғары дең­гейдеболғанын көрсетеді.

Бозоқ мемлекеттік тарихи-мәдени му­зей-қорығының ағағылыми қызметкері Айнагүл Ғаниева: «Інжу шамамен ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген моңғол әйелі. Барлық моңғолқабірлеріндегідей бұл әйелдің де басы солтүстіккеқаратылған. Үстінде жібектен тігілген көйлек, мойнын­дакүміс және пасталы моншақтар, құ­лағында күміс сырға бар. Екі күміс бі­ле­зіктегі арыстан басты бейнелерәшекей­лібұйымды Еділ бойындағы шеберлер жасағанын білдіреді. Сонымен бірге күміс тостаған, қанжар, найза және еңқызығымоңғол әйелінің әдемі бас киім «Боктаг» табылды. Оны кез келген әйел кие бермеген, елге еңбегі сіңген моңғолэлитасына қа­былданған әйелдер ғана киген. Бас киім­нің үстіКаури қабыршақтарымен әсем­делген. Бұл қабыршақтардыңҮндіс­тан аумағынан келетінін ескерсек, сол за­мандағысауда-саттық қатынастар қалай дамығанын көре аламыз. Одан басқа, қо­ла айна, қабыршақтан жасалған моншақтабылды. Жерлеу салтанаты, қанжар мен найзаның болуыоның жауынгер бол­ғанын көрсетеді» дейді

Сондай-ақ зерттеушілер назарын аудар­ған дүние, табытүсті күлгін түсті жібек матамен қапталып, қасына темір най­­за мен қанжар, күміс кесе, аяғында те­мір ауыздыққойылғаны.

Бірнеше жылдың алдында Мәскеуде­гі РҒА Антропология және этнология инс­ти­тутының Антропологиялық рекон­струкция лабораториясы Інжудің бас сүйе­гіне негіздейотырып, жалпы бейне­сін қалпына келтірді. Мамандардыңнегіздеуіне қарағанда әйелдің жасы 50-лер шамасында.

Оның монголоид типінен екені, өзі­мен бірге жерленгензаттарына қарап, заманында ерлермен бірге әскери істергеқатысқанын байқауға болады, дейді зерт­теушілер. Соныменқатар, оның әйел ре­тіндегі әшекей бұйымдары мен маржантас­тары, бас киімі ақсүйектер әулетінен екенін дәлелдейді.

Жаңғыртпа жасау мамандары жазба және археологиялықматериалдар бо­йынша Інжудің басындағы боктагты да (бас киім) қалпына келтірді. Бұндай бас киімді орта ғасырдаақсүйектер әулетінен шыққан әйелдер ғана киген. Ол туралымәлімет Г.Рубрук пен П.Карпини жазбаларында бар. Боктагәлеуметтік белгі ретінде сәнді бас киім ғана емес, беделдіәлеуметтік ортаның өкілі деген белгіні білдіреді.

 

Соңғы жаңалықтар

«Шыңырау» шыңға шықсын

Өнер • Бүгін, 00:18

Тың тәсілдердің тиімді тұсы көп

Медицина • Бүгін, 00:14

Чилидің Шолпан жұлдызы

Әдебиет • Кеше

Паспорт

Руханият • Кеше

Жеке пьеса жазуға лайық

Руханият • Кеше

Ана мейірімі

Қоғам • Кеше

Доллар арзандады

Қаржы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар