Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер көшбасшыларынан Елорда күні мен Елбасының туған күніне орай мерекелік құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз жеделхатында Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық-саяси дамуда қол жеткізген толағай табыстары Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.
«Елдеріміз арасында одақтастық қатынастар мен стратегиялық ынтымақтастық орнатуға және нығайтуға қосқан Сіздің үлесіңіз зор. Осы қарым-қатынас, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аясындағы сындарлы іс-әрекет алдағы уақытта да Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының мүддесіне және Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет ете беретініне сенімім мол»,– делінген В.Путиннің жеделхатында.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту мен дамытудағы жетістіктерді ерекше атап өтті.
«Сізді әрдайым Қытай елінің жақын досы деп білеміз. Мен Сіздің Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесіңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да біздің мемлекеттеріміздің арасындағы достықты нығайтуға көңіл бөліп, қолдау көрсетеді деп сенемін», – деп жазды Си Цзиньпин.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың өзбек және қазақ халықтарының арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесін айрықша атап көрсетті.
«Біз Сізді көпұлтты Қазақстан халқының ұлы көшбасшысы, көрнекті мемлекет қайраткері, сондай-ақ біздің өңір мен дүние жүзі бойынша құрметке ие сұңғыла саясаткер деп білеміз. Сіздің жемісті қызметіңіз бен ішкі және сыртқы саясаттағы даналығыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы халықаралық аренадан лайықты орын алды», – делінген Өзбекстан Республикасы Президентінің жеделхатында.
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон өз хатында Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуі жолындағы рөліне тоқталды.
«Сіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті қызметіңіздің арқасында үлкен абыройға және баршаның құрметіне бөлендіңіз. Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамудағы, елдің халықаралық беделін нығайтудағы орасан зор жетістіктері Сіздің есіміңізбен тығыз байланысты», – делінген Э.Рахмонның жеделхатында.
Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстанның Тұңғыш Президентіне мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр, еліміздің өркендеуі жолындағы қызметіне жаңа табыстар тіледі.
«Сіздің мемлекет құрудағы бірегей тәжірибеңіз бен өмірлік даналығыңыз – достас Қазақстан халқының мүддесіне адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Өзіңіздің күш-жігеріңіздің арқасында Украина мен Қазақстан арасында орнаған ынтымақтастық қатынастардың берік іргетасы алдағы уақытта да екі елдің мүддесіне сай өзара тиімді әріптестік байланыстарды тереңдетуге қызмет ететініне сенімдімін», – деп жазды В.Зеленский.
Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин өз жеделхатында жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.
«2019 жылы Қазақстанға барған сапарымның аясында өткен кездесуімізде мен Сіздің көпжылдық тәжірибеңіз бен даналығыңызға тәнті болдым. Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның зор табысқа қол жеткізуінде Сіз шешуші рөл атқардыңыз. Өзіңіздің көшбасшылық қасиеттеріңіздің арқасында Сіз мемлекеттің әрі қарай дамуының берік іргетасын қаладыңыз», – делінген жеделхатта.
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:17
Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды
Теннис • Бүгін, 11:03
Елімізде 571 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:58
Вакцина салдырғандар саны жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 10:42
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль еншіледі
Білім • Бүгін, 10:33
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:17
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Өнер • Бүгін, 09:16
Бақанаста Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Бокс • Бүгін, 09:12
Халықаралық турнирлерде топ жарды
Теннис • Бүгін, 09:10
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Спорт • Бүгін, 09:07
Қоғам • Бүгін, 09:05
Қоғам • Бүгін, 09:02
Биыл 550 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:01
Спорт • Бүгін, 09:00
Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз
Спорт • Бүгін, 08:59
Шабуылшы азусыз, қорғаушы қауқарсыз болса...
Хоккей • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:57
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:54
Ағаштарға қауіпті бактерияны анықтайды
Ғылым • Бүгін, 08:52
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Ғылым • Бүгін, 08:50
Оңалту орталығының оңтайлы әдістері
Қоғам • Бүгін, 08:49
Білім • Бүгін, 08:47
Тоғыз жолдың торабында тозған вокзал
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Экономика • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:39
Халық пікірін айқындайтын ауқымды іс-шара
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Референдум-2022 • Бүгін, 08:28
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Ұқсас жаңалықтар