Әңгімелесу барысында А.Балаева БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісін министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Микаэла Фриберг-Стори министрліктің жұмысына оң баға беріп, БҰҰ-ның 27 агенттігінің атынан бірлескен жұмысқа қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Сонымен қатар ол Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға дайындық барысы туралы хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемісті өзара іс-қимылға, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыруға өзара ықыласын білдірді.
«Егемен-ақпарат»