Оқиға • 06 Шілде, 2021

Ақсуда полицей өлі табылды

1574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу қаласында полиция қызметкері асылып қалды. Павлодар облысының полиция департаменті полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақсуда полицей өлі табылды

«5 шілдеде сағат 23.40-та Ақсу қаласында полиция майорының мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.

«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері соталды тергеу барысында анықталады», деді Орымбаев.