Президент • 06 Шілде, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты
Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. 

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын», делінген Президенттің жеделхатында.

Еске сала кетейік, бүгін Ресейдің Камчатка өңірінде 28 адам мінген ұшақ апатқа ұшырап , жолаушылар түгел қаза тапты.