Ауа райы • 07 Шілде, 2021

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан бойынша 8-10 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер 8-10 шілде аралығында Қазақстанның бүкіл аумағын қамти отырып, солтүстік-шығыс бағытқа ығысатын болады. Осыған байланысты батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауады, олар найзағай, бұршақ, екпінді желмен бірге жүреді», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Батыста ауа температурасы түнде +13+23℃ дейін жылынады, ал күндіз +23 +32℃ дейін, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде +10+21℃ күтіледі, күндіз термометр +20+28℃ температураға жетеді. Елдің орталығында және шығысында түнде +13+23℃, күндіз +25+37℃, ал Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +18+25°С, күндіз +30+42°С болады.