Білім • 07 Шілде, 2021

18 адам ҰБТ-ға жалған құжатпен кірмек болған

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ҰБТ-ға жалған құжатпен кірмек болған 18 адам ұсталды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

18 адам ҰБТ-ға жалған құжатпен кірмек болған

«Түсушілер үш деңгейлі жүйе бойынша - Face ID жеке басын сәйкестендіру жүйесі арқылы, жеке куәлігі бойынша және және отырғызу орнымен жеке басын сәйкестендіру арқылы тексеріліп, тестілеуге жіберілді. Face ID жүйесінің арқасында тестілеуге жіберу барысында 18 бөтен адам анықталды», деді Қ. Ерғалиев.

2020 жылмен салыстырғанда анықталған мұндай адамдардың саны 2 есеге өскен.

«18 адамның 9-ына қылмыстық іс қозғалды. Бұл ретте астаналық 4 оқушы жеке басын куәландыратын құжаттарын қолдан жасатып, өздерінің орнына жоғары оқу орнының студентін жіберген екен. Тиісінше олардың деректері құқық қорғау органдарына тапсырылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді Қуаныш Ерғалиев.