Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты идеясы 1991-2021 жылдар аралығындағы Тәуелсіз Қазақстан тарихына негізделген. Соңғы 30 жыл ішінде елдегi айтулы мәдени, спорттық, саяси және басқа да оқиғалар қазіргі заманғы суретші-иллюстраторлардың жұмыстарының іргетасы мен негізгі тақырыбына айналмақ.
Байқауға 16 жастан бастап Қазақстанның талантты жас суретшілері ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 1 кезеңнен өту үшін жеке жұмыстарын жіберу арқылы қатыса алады. Оларды кәсіби суретшілер мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағалап iрiктейтiн болады. Байқаудың 2-кезеңінде суретшілер 30 үздік иллюстраторды анықтайтын жалпы тапсырма алады. 3 кезең - иллюстрациялар жинағында әрі қарай жариялау үшін Тәуелсіздіктің 30 жылдығының тарихи тақырыптарын бөлумен жалғасады.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 иллюстратордың жұмыстары «Қазақстан Республикасының тарихы» кітабының заманауи суретті басылымына енеді. Жүлде қоры фестивальдің барлық қатысушыларына тең бөлінбек.
«Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолы ұзақ әрі күрделі болды. Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихы елеулі, ұлы оқиғаларға толы. Әлемнiң әр түкпiрінде еліміздің көк байрағын желбiретiп, атын абыроймен таныстырған көптеген жаңа есімдер белгiлi болды. Бұл байқау жас қазақстандықтардың шығармашылық қызметін жандандырып қана қоймай, олардың шығармашылығы арқылы Отанымыздың тарихы туралы сыр шертедi деп толық айтуға негiз бар», дейді байқаудың үйлестірушісі Саида Ибрагимова.
Байқауға қатысуға өтінімдер қатысушының портфолиосымен 2021 жылдың 31 шілдесiне дейін khancomicswork@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Байқау ережесімен және қосымша ақпаратпен ұйымдастырушылардың ресми сайтында танысуға болады: www.baurzhan.kz, www.sk-trust.kz және www.khancomics.kz