Сынаққа 100 адам қатысып жатыр. Еріктілер ПТР-тест тапсырып, медициналық тексерістен өтеді. Ресей астанасы әкімшілігінің хабарлауынша, зерттеу бір жылға созылады. Осы аралықта балалар дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады.
Сынақ 3 кезеңнен тұрады. Үшінші кезеңге еріктілерді қабылдау күзге қарай басталады. Зерттеу нәтижесіне байланысты «Спутник V» вакцинасын 12-17 жастағы балаларға қолдану бойынша шешім қабылданады.