Коронавирус • 07 Шілде, 2021

ДДСҰ коронавирустың өлім қаупін төмендететін препаратты атады

1444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырға науқастарға күтім жасау бойынша ұсыныстар жаңартылғанын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДСҰ коронавирустың өлім қаупін төмендететін препаратты атады

Ұйым ауыр жағдайдағы науқастардың өмірін сақтайтын интерлейкин-6 рецепторлары блокаторларын тізімге енгізді. Бұл былтыр қыркүйекте ДДСҰ кортикостероидтарды қолдануды ұсынғаннан бері коронавирусқа қарсы алғашқы тиімді ұсыныс саналатын интерлейкин-6 рецепторларының блокаторлары екендігі аталды.

Ауыр немесе аса ауыр жағдайдағы COVID-19 жұқытрған науқастар көбінесе иммундық жүйенің шамадан тыс реакциясынан зардап шегетіні белгілі. Интерлейкин-6-ны бұғаттайтын препараттар - тоцилизумаб және сарилумаб осы шамадан тыс реакцияны басады.

ДДҰ бастаған дәрі-дәрмектердің талдауы – дәрі-дәрмектерді қабылдау өлім ықтималдығын стандартты еммен салыстырғанда 13 пайызға төмендеткенін анықтады. Механикалық желдетудің ықтималдығы 28 пайызға төмендейді.

«Бұл дәрі-дәрмектер COVID-19 салдарынан зардап шегетін науқастар мен отбасыларға үміт береді. Бірақ интерлейкин-6 рецепторларының блокаторлары әлемнің көп елінде қол жетімсіз. Біз мұны шұғыл түрде өзгертуіміз керек», деді ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.