«Ұлттық тестілеу орталығының жергілікті филиалдарын азайту бойынша жұмыс жүргізілсін. Олар ең басты, ең маңызды орталықтарда ғана жұмыс істейді. Электронды тестілеуге көшкеннен кейін оларға қажеттілік жоқ», деді А.Аймағамбетов.
Министр ұлттық тестілеу орталығының басшылығы мен вице-министрге осы бағыттағы жұмысты жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, ұлттық тестілеу орталығының филиалдары облыс орталықтары мен ірі қалаларда, аудан орталықтарында орналасқан. Алайда биылдан бастап оқушылар тесті кез келген өңірде тапсыра алады.