Осы иманды іске ерекше мән беріліп отырғандықтанболар, өңірде биыл 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін жәнеашаршылық құрбандарын еске алу күні де бұрынғығақарағанда кең көлемде ұйымдастырылды. Орал қаласындажәне аудандарда көпшілік шаралар ұйымдастырылып, жазықсыз жазаланған боздақтардың рухына құран бағышталды, еске алу шаралары өтті.
Орал қаласында Жаһанша Досмұхамедұлы мен ҒұмарҚарашқа арналған пилон – күндіз де, түнде де көркемкөрінетін заманауи көрнекі тақта орнатылды. Тақтада ұлтзиялыларының суреті және ел мен жерге қатысты сөздеріжазылған. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарыБақытжан Нарымбетовтің айтуынша, мұндай тақталарболашақта көбейе түспек.
Жақында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтаубойынша құрылған облыстық жұмыс тобының үлкен жиыныөтіп, онда өңірдегі жұмыстар, негізінен, 7 бағыттажүргізілетіні белгілі болды.
Өңірдегі халық көтерілістеріне қатысқаны немесеқолдағаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардызерттеу бойынша жұмыс тобы арнайы архив қорларында әлікүнге ақталмай жатқан адамдарды анықтап, есімдерінжарыққа шығаруға күш салмақ. Айта кетейік, 1931 жылыжаппай ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеуге қарсы көтерілген Жаңақала көтерілісіне биыл 90 жыл толып отыр. Дәл осы Жаңақала көтерілісіне қатысқаны үшін 400-ге жуықадам тұтқындалғанын кезінде тарих ғылымдарыныңдокторы Тұяқбай Рысбеков жазған болатын. Репрессия шараларының қатаң жүргені соншалық, тек 71 адам сотқажетпей, тергеу кезінде абақтыда қайтыс болған. Бұдан басқада халық наразылығы, көтерілістер болған, бірақ ГПУ мен НКВД органдары аяусыз басып-жаншып отырған.
Күштеп ұжымдастыру және 1930 жылдардағыашаршылықтан жапа шеккендерді анықтау бойынша жұмыстобының алдында да қыруар шаруа тұр. Өйткені, архивтердесақталған, осынау кезеңнің шынайы бейнесін көрсететінқұжаттар аз емес. Бұған қоса, ел ішіндегі ашаршылықкуәгерлерінің естеліктерін жинап алу үшін мектепмұғалімдері мен оқушылардан, кітапханашылар мен жастарбелсенділерінен құрылған топтар жұмысқа кіріседі.
Кулактар, байлар, жартылай феодалдар мен шаруалардыңішіндегі ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын зерттеубойынша құрылған жұмыс тобы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен Полиция департаментінің арнайы архивтеріндегі істердіқайтадан сараптан өткізетін болады. ҰҚК мен ПД тарапынан топ мүшелеріне барынша қолдау көрсетілетініайтылды.
Алаш партиясы, Алашорда үкіметі идеясы үшінмемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшырағанадамдарды анықтау да басым бағыттардың бірі. ӨйткеніКүнбатыс Алашорданың отаны болған Батыс Қазақстаноблысында бұл кезеңге қатысты қудаланған тұлғалардыңауқымы өте үлкен. Олардың толық тізімі әлі жасалған емес.
Кеңес үкіметіне жат элемент ретінде ерекше қудаланған, аяусыз репрессияға ұшыраған топтың бірі – дін өкілдері. Қудаланған дін қайраткерлері мен олардың отбасымүшелерін анықтау, қиратылған, тартып алынған ғибадатүйлерінің санын есептеу – мемлекеттік комиссия алға қойыпотырған міндеттің бірі. Батыс Қазақстан облысында бұрынтолық зерттелмеген бұл жұмыстар бүгінде басталып кетті.
Ақ Жайық өңірі шекаралық аймақ болғандықтан, репрессия кезінде көптеген қазақ отбасы қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдары Ресей Федерациясына босып кеткен. Батыс Қазақстан аумағына өзге жақтан күштеп депортацияланған ұлт өкілдері де аз емес. Бұл деректер де жан-жақты сараланбақ. Бұл бағытта, әсіресе көршілес Ресейархивтері материалдарымен жұмыс істеу қажеттігі көрініптұр. Облыс басшылығы зерттеушілерге бұл істе де қолдаукөрсететінін мәлімдеген.
1939-1945 жылдары фашистік Германия және басқа да Еуропа елдерінде қамауға алынған әскери тұтқындарды, «Түркістан легионында» болған әскери тұтқындарды анықтау бойынша да қыруар жұмыс бар. Осы тақырыпты соңғы 15 жылбойына зерттеп келе жатқан өлкетанушы Ахмедияр Батырхановтың айтуынша, бұл істе Қазақстан көп артта қалыпқойған. Ресей Федерациясында Ұлы Отан соғысына қатыстықұжаттардың құпиялығы әлдеқашан алынып, интернет-сайттар арқылы көпшілікке қолжетімді болса, біздің еліміздеәскери тұтқындар істері әлі күнге жабық күйінде жатыр. Мәселен, Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істердепартаментінің арнайы архивінде әскери тұтқындарға қатысты 851 папка бар екен. Зерттеуші бұл папкалардың бір-екеуін ғана қарап, онда 150-ден аса адамның жекекартотекасы сақталғанын көрген. Яғни алда тұрған жұмысөте көп.
Өңірдегі жұмыс тобының жетекшісі БақытжанНарымбетов бірнеше бағыттағы ауқымды жұмыстынәтижелі ұйымдастыру, қаржыландыру бойынша барлықмәселе шешілетінін айтты. Комиссия мүшелері бас қосатынорын белгіленіп, халықпен байланыс та ескерілген. Мәселен, жұмыс тобының әр мүшесі өз тақырыбы бойынша түрлімәселемен келген жеке адамдарды қабылдау ұйымдастыруытиіс. Өйткені репрессия құрбандарының ұрпақтары, туыстары тарапынан қазірдің өзінде осындай сұраныс туыпотыр.
Батыс Қазақстан облысында ұзақ жыл дербес жұмыс істеп, талай тарихи іске мұрындық болған тарих және археология орталығы атты мекеме бар еді. Соңғы кезде таратылып, облыстық тарих және өлкетану музейінің бір бөлімі болыпқалған осы мекеменің басшысы Жантас Сафуллин еліміздебасталып отырған бұл жұмыстың ауқымы зор екенін, бірнеше жылға созылуы мүмкіндігін айтып, бұл істі арнайымекеме арқылы ұйымдастырғанда нәтижелі болады дегенойын білдірді. Бұл ұсыныс облыс басшысына жеткізілетінболды.
Ашаршылық құрбандарын, саяси қуғын-сүргінгеұшырағандарды ұстаған түрмелер мен арнаулы орындарды, олардың атылған жерлері мен жерленген орындарынанықтау, құрбандардың ұрпақтары мен жақын-жуықтарының тағдыры, сол зұлмат күндер куәгерлерініңестеліктерін жинау, арнайы сайт, портал құру, бұл іскежастар белсенділерін, кітапханашыларды, мектеп мұғалімдері мен оқушыларды, өлкетанушыларды тарту, өзгеөңірлердегі архивтер мен өзара әріптестікті жолға қою, Батыс Қазақстан өңіріне қатысты шетелдерде жәнеҚазақстанның өзге облыстарында сақталған мәліметтердіалу жолдары секілді сан салалы мәселелер облыстық жұмыстобының басты назарында болады.
«Батыс Қазақстан облысы бойынша 1937 жылы 853 адамқуғынға ұшырап, оның 335-і атылған, қалғаны әртүрлімерзімге еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберілген. 1938 жылы936 адам тұтқындалып, 690-ы атылған, 246-сы сотталған. 1930-1950 жылдары облыс бойынша соттан тыс органдар – ОГПУ немесе НКВД «үштіктері», «ерекше мәжілістер» мен комиссия шешімдерімен 4 мың адам сотталған. Олардыңқұрамында кәсіби заңгерлер емес, саяси бағыттағыноменклатуралық партия қызметкерлері болғандықтан, қылмыстық кодекс баптарына сілтеме жасалмай, заңсыз үкімдершығарылған», деп жазылған 2001 жылы Батыс Қазақстаноблысының архивтер басқармасы шығарған «Азалы кітап» жинағында.
Алайда бұл мәліметтердің өзі толық емес болуы мүмкін. КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 3 226 640 мәлімет жинақталған https://ru.openlist.wiki сайтындабатысқазақстандық 35 761 формуляр бар екен. Бұл тізімдегікейбір тұлғаның аты-жөні қайталанды дегеннің өзіндерепрессия ауқымы қаншалық зор болғанын көреміз.
Жақында Орал қаласына репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттеуші «Арыс» қорының төрағасы, Алматы облысындағы Жаңалық аулындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейдің директоры ҒарифоллаӘнес келіп, жергілікті жұмыс тобының мүшелерімен кездесуөткізді. Облыс әкімінің орынбасары БақытжанНарымбетовтің қатысуымен өткен жиында репрессия құрбандарын зерттеу бойынша Алматы облысында жасалыпжатқан жұмыстар ортаға салынып, ғалымдар тәжірибеалмасты. Саяси қуғын-сүргін тақырыбын 30 жылдан берізерттеп жүрген ғалым Ғарифолла Әнес ашаршылық пен репрессия тақырыбын жеке-жеке қарастыруды, соның ішіндеашаршылық мәселесін зерттеу ісіне жалпыхалықтық сипатберуді ұсынды.
Батыс Қазақстан облысы