Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абдулазиз бен Абдулла әл-Даудты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Тараптар кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығы мен парламентаралық байланыстар бойынша өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.
Сенат Спикері Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесінің бірі екенін айтты.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында біздің елдеріміз арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген сауда-экономикалық, мәдени және саяси байланыстар қалыптасты. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса назар аударып отыр», деді Мәулен Әшімбаев.
Палата Төрағасы өзара парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға да барлық мүмкіндік бар екеніне назар аударды. Ол сондай-ақ Қазақстанда өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне Сауд Арабиясының өкілдері белсенді қатысқаны үшін елшіге алғыс айтты және пандемиядан кейінгі кезеңде мемлекетаралық ынтымақтастыққа қарқын беру қажеттігін атап өтті.
«Біздің елдерімізді тарихи, рухани және мәдени тығыз байланыстар жақындастырады. Сауд Арабиясының экономикалық дамуы біздің көз алдымызда. Экономиканы әртараптандыруға, денсаулық сақтауды, білім беруді, инфрақұрылымды және туризмді дамытуға бағытталған «Saudi vision 2030» бағдарламасын жеке атап өткім келеді. Біз ұқсас мәселелерді шешіп келеміз. Біздің елдеріміздегі экономикалық реформалардың көптеген аспектілері мен бағыттары да ұқсайды, өйткені олардың басты мақсаты – біздің мемлекеттеріміздегі халықтардың әл-ауқатын арттыру», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Сенат Төрағасы «G-20» ұйымына табысты төрағалық етуіне орай Сауд Арабиясының Үкіметіне құттықтауын жеткізді.
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына 16 млрд теңге жұмсалмақ
Қоғам • Бүгін, 21:25
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік ішінде тұншығып, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 20:42
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 19:45
Шымкенттегі жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 19:24
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Антикордың жалған жұмысшысы Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен
ANTIKOR • Бүгін, 18:20
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Президент «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды
Президент • Бүгін, 16:25
Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:49
Елордалық ЖОО-да конституциялық түзетулер мен алдағы референдум талқыланды
Елорда • Бүгін, 15:20
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 14:47
Премьер-Министр «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесу өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:25
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:43
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:14
Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған
Білім • Бүгін, 12:47
Семсерлесу федерациясының президенті мен бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:23
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Бүгін, 11:55
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Бүгін, 10:50
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:18
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Президент «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:17
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар