Өзендердің ластануы мен құрғап қалу проблемалары, арналарда заңсыз құрылыстар салу фактілері, елді мекендерді сумен жабдықтаудың мардымсыз жағдайы Nur Otan партиясының Экологиялық кеңесінің отырысында талқыланды.

Баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша партиялық алаңда Nur Otan-ның өңірлік экологиялық кеңестері ұсынған 200 түйінді мәселенің тізімі қаралды. Оларды жүйелі түрде шешу үшін отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық және өңірлік деңгейдегі экологиялық проблемалардың тізілімі бекітілді.
Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың айтуынша, бүгінде Атырау облысындағы жағдай күрделі. Өңір негізінен Жайық және Ойыл, Сағыз бен Жем өзендерінен су алады.
«Осы өзендердегі су көлемінің азаюы жер асты көздерінің сарқылуына, елді мекендерді сумен жабдықтаудың нашарлауына, шабындықтар мен жайылымдардың шөлейттенуіне алып келеді. Яғни халық саны 2 миллион адамнан асатын батыс өңірдің экологиясы мен ауыл шаруашылығы өндірісіне айтарлықтай теріс әсер етеді», деді ол.
Су тапшылығы мен құрғақшылық салдарынан мал жаятын және шөп шабатын жерлер нашарлап, мал шығынына әкелді. Мәселен, Маңғыстау облысында 2020 жылы мал өлімінің 4883 жағдайы тіркелсе, биылғы бірінші тоқсанда 1332 бас мал шетінеген. Осындай жағдай Атырау облысына да қауіп төнідіріп тұр.
«Жем-шөп пен суару көздерінің жетіспеушілігінен ауыл тұрғындары қазірдің өзінде ұстап отырған малдарынан құтылуға мәжбүр. Жайық өзенінің жайы үлкен алаңдаушылық туғызады. Оның бассейнінде көлемі 10 млн. текше метрден астам 12 ірі су қоймасы және күрделі құрылыстары бар 80-ге жуық су торабы салынды. Бассейннің барлық шағын өзендерінде 3100-ге жуық жер бөгеті жүйесіз тұрғызылып, Жайық суының деңгейіне орны толмас зиян келтірді», деп дабыл қақты Дүйсенбай Тұрғанов.
Сонымен қатар бассейн бойындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар суды мұнай өнімдерімен, ауыр металл қосындыларымен және хлорорганикалық пестицидтермен, ал адамдар қоқыс пен қалдықтармен ластап келеді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, Жайық өзенінің ағысын зерттеген кезде оның жылдан-жылға кеміп бара жатқаны анықталған.
Экологиялық кеңес өкілдері су ағындарын қорғау мәселесінде салалық ведомстволар сылбырлық танытты деп санайды. Оған бүтін бір аймақ үшін тіршілік нәрінің негізгі көзі болып отырған Жайық өзенінің ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының тізіміне енбей қалуы дәлел.
Сондай-ақ Жем, Ойыл және Сағыз сияқты өзендерде де ағынның өте аздығы байқалады. Оның басты себептердің бірі – Ақтөбе облысының аумағында өз бетінше салынған бөгендер мен бөгеттер. Дүйсенбай Тұрғановтың айтуынша, Ақтөбе облысының Мұғалжар, Қобда, Темір және Ойыл аудандарының аумағын шолып шыққан кезде Ойыл өзенінің жоғарғы ағысы мен бассейндерінде әртүрлі нысандағы 57 гидротехникалық құрылыс анықталды. Олардың 8-і – республикалық меншікте, 3-уі – коммуналдық меншікте, 34-і – иесіз бөгеттер.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының әкімдігіне су көздерін тазалау және барлық заңсыз гидротехникалық құрылысты бұзу ұсынылды.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов бүгінде аталған жұмыстар басталып, өңірде экологиялық жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп жатқанын айтты. Оның ішінде, Елек өзенін хромнан тазарту басы ашық мәселе күйінде қалып отыр.
Жиын барысында Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов салада кадрлардың жетіспейтіндігіне назар аударып, көбінесе үш облыста бір-ақ инспектор жұмыс істейтінін алға тартты.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныс айтылды. Енді аталған мәселелерге орай тиісті шаралар қабылдануы керек.
Ресей мен Украина делегациялары Түркияда кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:23
Науқастардың 98 пайыздан астамы сауығып шықты – Ажар Ғиният
Коронавирус • Бүгін, 12:15
Жаңа штамм: Қазақстанда қайта карантин енгізіле ме?
Коронавирус • Бүгін, 12:07
Қазақстандық кикбоксерлер әлем кубогында топ жарды
Елорда • Бүгін, 12:00
Қосымша кәсіпкерлікпен айналысқан 23 мектеп директоры айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 11:52
Өзбекстанда елшілік жанынан арнайы дауыс беру учаскесі ашылады
Әлем • Бүгін, 11:48
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 11:40
Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:38
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Аймақтар • Бүгін, 11:28
ШҚО-да елікті атқан браконьер сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Брюссельде Орталық Азия-Еуроодақ қауіпсіздік диалогының отырысы өттІ
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Терек мамығымен ойнаған балалар үйді өртеп жіберді
Оқиға • Бүгін, 11:06
BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі қойылады
Өнер • Бүгін, 10:48
Педагогтерді бағалауда жетістікке жеткен оқушылардың нәтижесі назарға алынады
Білім • Бүгін, 10:40
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швейцариядан жеңіліп қалды
Хоккей • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Алматы облысының 1500-ге жуық тұрғынын кене шаққан
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Медициналық пойыздар шалғай аймақтарға жолға шығады
Медицина • Бүгін, 10:17
Қазақстанда вакцина алғандар саны 9,4 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі артты
Қоғам • Бүгін, 09:59
18 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Тағайындау • Бүгін, 09:39
Оқиға • Бүгін, 09:27
Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бокс • Бүгін, 09:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:07
Экология • Бүгін, 07:42
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:36
Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады
Спорт • Бүгін, 07:34
Орнын толтыратын олқылықтар бар
Қоғам • Бүгін, 07:32
Қазақ үшін ауылдың орны ерекше
Ауыл • Бүгін, 07:30
Ұйымшылдық – іргелі істер бастауы
Қоғам • Бүгін, 07:28
«Министр кубогы» сарапқа салынады
Спорт • Бүгін, 07:26
«Ролан Гаррос-2022»: Франция кортында кімдер өнер көрсетеді?
Теннис • Бүгін, 07:24
Футбол • Бүгін, 07:22
Әдебиет • Бүгін, 07:20
Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:18
Руханият • Бүгін, 07:18
Ұқсас жаңалықтар