Медицина • 08 Шілде, 2021

Міндетті вакцинация азаматтардың құқығын бұзбайды – Әділет министрлігі

890 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы міндетті вакцинация санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың бірі болып саналды. Сондай-ақ вакцинация инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуын және таралуын болдырмау мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау кодексі аясында өтеді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Міндетті вакцинация азаматтардың құқығын бұзбайды – Әділет министрлігі

«Медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы вакцинация алуға міндетті. (Кодекстің 85-бабының 4 және 8-тармақтары), соның ішінде COVID-19-ға қарсы профилактикалық егу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес)», делінген хабарламада.

Сонымен қатар медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға коронавирусқа қарсы міндетті вакцинация жүргізудің заңды негіздері бар және бұл «Конституцияның 31-бабына сәйкес (мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған)» негізделген.

«Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы олардың шектелу мүмкіндігін жоққа шығармайды, сонымен бірге мұндай шектеудің рұқсат етілген тұстарын көрсетеді. Құқықтар мен бостандықтар адамның құқықтары мен бостандықтары мен халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектелуі мүмкін (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы)», деп түсіндірді Әділет министрлігі.