Қоғам • 08 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда шомылуға болатын аймақтар анықталды

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың аумағында суға шомылуға рұқсат етілетін аймақтардың аты белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда шомылуға болатын аймақтар анықталды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген қала әкімдігінің онлайн брифингінде айтты. 

Биыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша суға шомылуға рұқсат етілген 3 аумақ белгіленді. Олар – «Орталық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула».

Сонымен қатар мәслихат шешімінің жобасы шеңберінде шомылуға тыйым салынатын 20 учаске айқындалды. Қазір мәслихат шешімі Әділет министрлігінің қаралуында. Ведомстводан шыққаннан кейін бұл қаулы қабылданатын болады.

«20 аумақтың 7-уі Алматы ауданында, 4-уі Байқоңыр ауданында,  6-уы Есіл ауданында және 3-уі Сарыарқа ауданында орналасқан. Мәслихат шешімі қабылданғаннан кейін тізім ақпарат құралдарына жарияланып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі», деді Ратбек Демеуберген.