Оның шінде, профилактикалық іс-шараларға басымдық беріліп жатыр. Мәселен, біздің орталық («Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы) бірер жыл бұрын есеп айырысудың заманауи форматына көшті. Яғни, бұған дейін ақша іссапарға аттанатын спортшы мен бапкердің шотына түссе, енді тікелей күтіп алушы не қызмет көрсетуші тарапқа жіберіледі. Орталықтағы мемлекеттік сатып алуға қатысты шаралар да ашық және жариялы түрде ұйымдастырылып жүр. Тиісті ақпараттар сайтқа салынады. Соған сәйкес, кез келген адам оны қарай алады. Бұған қоса, қазір жаңа мамандар қызметке байқау арқылы қабылданады. Оған қатысты ақпарат біздің орталық пен Спорт және денешынықтыру істері комитетінің сайтында жарияланады.
Пара алу жағдайларының алын алу үшін мекеме ішінде арнайы ақпараттық бұрыш және азаматтар шағымына арналған жәшік бар. Ал «Сарыарқа» спорттық кешенінің сыртында орналасқан алып экрандарда жемқорлық пен оның жазасына қатысты бейнеролик ойнатылады. Бұл жұмыстар елордадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен бірлесежүзеге асырылып жатыр. Дәл осы агенттік мамандары біздің мекеме ұжымымен кездесіп, арнайы жиналыс өткізеді. Оның барысында заң бұзушылықтың отандық спортқа әкелетін залалы жан-жақты түсіндіріледі.
Қысқасы, жемқорлықтың түбіне балта шабу салада қызмет ететін әр маманнның таным-түйсігі мен оның күнделікті әрекетіне байланысты. Егер барлығы өз ісіне адал болып, қалтаның қамын күйттемесе отандық спорт та қарыштап дамитыны анық. Ал бұл мәселеге немқұрайлы қарасақ, өз отбасымызға, өз ұжымымызға, қала берді, өз елімізге жасаған үлкен қастандық болып табылады.
Аслан Қаженов
«Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы
маркетинг бөлімінің қызметкері