«Біз әлі күнге дейін көптеген адам қажет жұмысын ХҚКО-на барып бітіруді жөн көретінін байқап отырмыз. Қызметтерді талдау қызмет алушылардың өтініштерінің 75 пайызын тек алты қызмет қамтитынын көрсетті. Тек 2020 жылдың өзінде 4,8 миллион азамат ЭЦҚ алу үшін келді. Бұл барлық өтініштің 30 пайызы. Цифрлық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп бұлтты ЭЦҚ енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл жоба ЭЦҚ алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біз бұл шешім адамдарды онлайн режимге көшіреді деп күтеміз», деді Сүйеніш Әбділдин ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, бұлтты ЭЦҚ биометриялық деректер бойынша верификация арқылы қолжетімді болады. Жүйе файл түрінде болмайды, электрондық цифрлық қолтаңбалар қашықтағы серверлерде сақталады.