Коронавирус • 08 Шілде, 2021

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек берілетін болды

577 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

COVID-19 ауруының алдын алу аясында Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға медициналық дәрі-дәрмек қобдишаларын ұсыну бойынша акция басталды. Барлығы 145 мың жиынтық тегін таратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек берілетін болды

Жиынтықтардың құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометрлер, маскалар, дезинфекциялық құралдар және стероид емес қабынуға қарсы препараттар кіреді.

Алушыларға дәрі-дәрмек қобдишаларын жеткізуді қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және ауылдық әкімдіктер жүзеге асырады.

Бұл шара қиын материалдық жағдайдағы отбасылардың экономикалық ауыртпалықтарын азайтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

«Бұл халықтың ең осал тобына қолдау көрсетуге бағытталған маңызды әрі қажетті жоба. Біз бұл дәрі-дәрмек қобдишалары азаматтарымыз үшін COVID-19 ауруының алдын алуда көмек болады деп үміттенеміз», деп атап өтті ҚР Еңбек министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Ғалия Жабагина.

АӘК алушыларды медициналық жиынтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жоба Азия Даму Банкінің қаржылық қолдауымен іске асырылды, БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесі сатып алу операторы болып табылады.

«Әлемдегі бірде-бір ұйым және бірде-бір ел пандемияны жалғыз өзі жеңе алмайтыны анық болды. АДБ БҰҰДБ және даму жөніндегі басқа да серіктестермен тығыз ынтымақтаса отырып, Қазақстан Үкіметіне пандемияға қарсы күресте қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осы жоба аясында біз ең осал отбасыларды қолдаймыз, Қазақстанға вирустың таралуын тежеуге және пандемияны жеңуге көмектесеміз», деді АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Нариман Маннапбеков.

«АДБ - мен бірлесіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің төтенше жағдайларға тұрақтылығын нығайтуға көмектесеміз. Бұл жолы біз Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдарын сатып алуға қолдау көрсеттік», деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Якуп Бериш.