Коронавирус • 08 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтан емханаларына қосымша төсек-орын қажет

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтандағы қарқынды эпиджағдайға байланысты медициналық ұйымдарда қосымша орындар қажет, деп мәлімдеді брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан емханаларына қосымша төсек-орын қажет

«Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсуде. Қалада 2400-ге жуық төсек орны бар. Десек те, қосымша төсек орындары әлі де қажет. Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен отырыста қосымша ковидті төсек-орындарды орналастыру туралы шешім қабылданды», деді Шоранов.

Оның айтуынша, жақын арада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасы тиісті бұйрықты қабылдауы мүмкін. Бұйрықта науқастар қандай ауруханаларда жоспарлы және шұғыл көмек ала алатыны жөнінде толық мағлұмат берілетін болады.

«Коронавирустық инфекциямен күресуден басқа, біздің міндетіміз – халықты сапалы, оның ішінде жоспарлы және шұғыл жағдайлар бойынша көмекпен қамтамасыз ету», деді Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары.