Аймақтар • 08 Шілде, 2021

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өтті

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Достық үйінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Бірлік пен бейбітшіліктің 30 жылы» тақырыбындағы Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өтті

Сессияға Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қызылорда қаласының әкімі, аудан әкімдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, мемлекеттік мекемелер және үкіметтік емес ұйымдар, облыстық Ассамблея құрылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мазмұнды жиын модераторы облыс әкімінің орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Серік Ахмет болды.

Жиын барысында облыстық ҚХА төрағасының жаңа орынбасарын қоғамдық негізде бекіту, ҚХА ХХІХ сессиясының қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін нақтылау сияқты мәселелер талқыланды. 

Сессия спикерлері болып Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары, облыстық неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек, облыстық ҚХА жанындағы Волонтерлер орталығының жетекшісі, облыстық татар этномәдени бірлестігінің мүшесі Ильдар Гафуров, облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Олег Ким, облыстық ҚХА мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Дильфура Байрахтарова сөз сөйледі.

Спикерлер бейбітшілік пен келісім, ұлттық құндылықтар, әлеуметтік мәселелер, қоғамдық даму мәселелері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сессияны қорытындылай келе, Елбасы төрағалығымен өткен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында белгіленген міндеттер бойынша бірқатар тапсырмаларды орындауды жүктеді.