Дүниежүзілік рейтингіде 325-орында тұрған қазақстандық спортшы Тимофей Скатов ойынның екінші айналымында осы доданың 8-ші ракеткасы, аргентиналық Ренцо Оливомен күш сынасып, жеңіске жетті.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде Тимофей эйс жасамаса да, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейк (6 брейк-пойнт) жасай алды. Нәтижесінде, жиырма жастағы Тимофей Скатов 7:5, 7:5 есебімен алға озып шықты.
Қазақстандық спортшы жартылай финалға шығу үшін әлемнің 301-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен таласатын болады.
Айта кетсек, жас теннисші елордада халықаралық турнирдің ширек финалына шықты.