Экология • 08 Шілде, 2021

Балық аулау – бақылауда

895 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2017 жылы ресми түрде бекітілген Балықшы күні шілденің екінші жексенбісінде кәсіби мереке ретінде атап өтіледі. Биыл бұл күн 11 шілдеге сәйкес келеді. Бұл туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы еткен болатын, соған сәйкес 3 жылдан бері балық кәсіпшілігінің қызметкерлері бұл кәсіби мерекені атап өтуде.

Балық аулау – бақылауда

Бұл күні олар балық өсіру зауыттарының жұмысшы­ла­рын, балық инспекциясы қыз­мет­керлерін, балық инсти­тут­тарының ғалымдарын, балық өсірушілерді, кәсіпқой балықшыларды және балықшы-спортшыларды құт­тықтайды.

Мерекенің тарихы Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Балық­шылар күнін белгілеген күннен басталады. Балық өндіру­шілер күні бекітілгеннен бас­тап, Қазақстан оны бұрынғы Кеңес Одағының көптеген елі сияқ­ты әрдайым шілденің екінші жексенбісінде атап өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. Осы уақытқа дейін олар балықтың уылдырық шашуымен байланысты балық аулауға тыйым салу кезеңі аяқталды деп санайды. Сонымен қатар бұл уақытта жазғы ауа райы қалыптасады. Бір қызығы, Ба­лықшылар күні 1965 жылы кәсіби мереке мәртебесін тек Украинада және Ресейде алды, ал басқа республикаларда Қа­зақстандағы сияқты ресми мақұлдаусыз атап өтілді.

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурс­тар министрлігінің кей­бір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 қау­лысына сәйкес Балық шаруа­шылығы комитетінің ере­жесі бекітілді. Ертіс су бассейні Қазақстан Респуб­ликасының балық шаруа­шылығы бассейндерінің ішінде көлемі бойынша үшінші орынға ие. Балық шаруашылығын дамытуға балық шаруашылығы су айдындарының және онда­ғы балықтың қоры негіз болады. Балық шаруашылығы су айдын­дарының қатарына төмендегі ай­дындар кіреді: Зайсан көлі, Бұқтырма су қоймасы, Шүлбі су қоймасы, Өскемен су қоймасы, Шығыс Қазақстан облысы шегін­дегі Ертіс өзені, облыс бойынша жер­гілікті маңызы бар су айдындары, Павлодар облысы әкімшілік аймағы. 2006 жылдан бастап балық ресурстарын пайдалануды реттеу ұзақмерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) негізде пайдаланушыларға балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерін) ұзақ мерзімге бекітіп беру арқылы жүзеге асырылатын болды.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақ­стан облысының балық шаруа­шылығы су айдындарында ха­лықаралық және республикалық маңызы бар 40 учаске бар, олар 19 пайдаланушыға бекітіліп берілген. Сонымен бірге жергілікті маңызы бар 97 су айдыны бар, оның 30-ы 24 пайдаланушыға бекітілген.

Павлодар облысы бойын­ша 286 көлшік бар, олар 64 пай­даланушыға бекітіліп беріл­ген.

Балық шаруашылығы сала­сындағы бақылау және инспек­циялық жұмыстар туралы айтар болсақ, инспекцияның инспек­торлық құрамы 2021 жылдың 6 айын­да бақыланатын аумақтардағы балық қорғау заңнамасы нор­маларының сақталуын тексеру бойынша 848 жедел рейд жүргізіп, балық ресурстарын қорғау аясында 501 заңбұзушылықты анық­тады, ол бойынша 501 тұлға жа­уапқа тартылды. Оның ішінде дө­рекі заң бұзушылық жасағаны үшін (тыйым салынған аулау құралдарын пайдалану, тыйым салынған мерзімдерде және орындарда балық аулау, тіркелмеген қайықтарды және т.б. қолдану) 75 материал сотқа жіберілді, 8 862 110 теңгеге айыппұл салынып, 6 928 002 теңге айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді, 11 820 629,77 теңге сомасындағы залалды өндіру бойынша талап-арыз ұсынылды. Заңсыз синтетикалық моноталшықтан жасалған
566 ау, 15 қайық және әртүрлі типтегі 2 мотор, 5880,6 кило заңсыз олжаланған балық тәркіленді.

2021 жылдың есепті кезеңінде Инс­пекцияның лауазымды тұл­ғаларының қатысуымен анықталған табиғат қорғау заң­намасын бұзу фактілері бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды, нәтижесінде 4 адам жауапқа тартылды. Құрамына мүдделі органдар (прокуратура, ІІД, ЖАО, Инспекция) кіретін ұтқыр топтар құрылып, құқық қорғау орган­дарының өкілдері жүргізген 11 бір­лескен рейдтік іс-шара бары­сын­да 5 құқықбұзушылық ашылды.

Балық аулау көлемінің бас­ты бөлігі халықаралық маңызы бар Зайсан көлі, Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларында ауланады, ондағы кәсіпшіліктер балықтың 11 түрін өндіреді.

Шығыс Қазақстан шеңберіндегі су айдындарында 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейін балықты және басқа су жануарларын аулауға бекітілген лимит 11 148 079 тоннаны құрайды, оның 10 681 673 тоннасы, 95,8%-ы игерілді.

Экология, геология және та­биғи ресурстар министрлігі Ба­лық шаруашылығы комитеті төр­ағасының 2021 жылдың 19 сәуіріндегі №30-4-8\8 «Балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясын өткізу туралы бұйрығын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының су айдындарында 2021 жылдың 24 сәуірі – 31 мамыры аралығында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облыстарының балық шаруашылығы су айдындарының жағалауларын, су айдындарында иесіз қалдырылған балық аулау құралдарынан (құрма аулар) тазартып, балық қорын қорғау және көбейту.

Табиғат қорғау акциясына жа­нуар­лар дүниесін пайдаланушыларды тарту мақсатында 2021 жылдың 9 сәуірінде инспекцияның «Таза су айдындары» акциясын өткізу бойын­ша құрған кестесіне сәйкес жануар­лар дүниесін пайдаланушыларға бекітілген телімдерде балық ша­руашылығы су айдындарының жағалау аумақ­тары тазартылды. Акция барысында өткізілген барлық шара карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып өткізілді. «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясына инспекторлармен қатар табиғат пайдаланушылар, қорықшылар, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, волонтерлер, тұрғындар қатысты. Акция балық шаруашылығы су айдындарының бекітілген және резервтік 38 телімінде өткі­зілді. Оған 542 адам, 109 техника қатысып, 65,4 тонна қоқыс, тұр­мыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды. Балық шаруашылығы су айдындарын иесіз қалдырылған балық аулау құралдарынан тазарту мақсатында сүзу жұмыстары жүргізіліп, 525 дана балық аулау құралдары табылды. Олар толығымен өртеліп, жойылды.

Сонымен қатар мектептер­де, арнайы орта білім беру орталық­тарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясының ма­ңызы мен мақсатын түсіндіру жұмыс­тары жүргізілді.

 

Санақбек КІТАПБАЕВ,

«Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік балық инспекциясының басшысы

Шығыс Қазақстан облысы