Ал жер 1-2 жылдан кейін сапасын, құнарын жоғалтады. Сондықтан жерді пайдаға асырмаған кәсіпкерлерден жер телімінің алынуы дұрыс деп есептеймін.
Әкімдіктердің бақылау функцияларын министрлік деңгейіне өткізу де маңызды. Әкімдік жергілікті атқарушы орган болғанымен, мәселе жоғары деңгейде реттелуі керек. Себебі әкімдіктермен «келісу» арқылы жемқорлықтың орын алу мүмкіндігі жоғары.
Жердің сатылмай, жалға берілуі де дұрыс шешім. Өйткені жер – халықтың меншігі. Мұның идеологиялық түрғыдан да мәні биік. Халықтың сана-сезіміне әсері үлкен.
Тағы бір айтарым, ауыл шаруашылығы жерлерінің басқа бағытта қолданылмауы да қолдайтын шешім. Өйткені біздің бау-бақшаны аман алып қалу мүмкіндігіміз жоғарылайды. Бәріміз көріп жүргендей, бау-бақшаны қалталы кісілер сатып алып, бірыңғай байлар тұратын жерге айналып бара жатыр. Енді бұл реттеліп, ауыл шаруашылығына арналған жер өз ретімен қолданылмақ.
Нұрлан ӨТЕШЕВ,
Республикалық кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары