Қоғам • 09 Шілде, 2021

Алты баланың анасы үшем әкелді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістандық дәрігерлер шала туған үшемді аман алып қалды. Жыл басынан бері өңірде алтыншы үшем дүниеге келді. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелер Түркістан қаласында орналасқан №3 облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келді.

Алты баланың анасы үшем әкелді

Үш ұл баланы 39 жас­тағы Дилхумар Юсупова ота арқылы босанған. Дәрі­герлер туғанда сал­ма­ғы небәрі 1,7 кило шама­сын­дағы үш ұлды 13 күн бойы күтіп, жетіл­дір­ген. Мер­­зі­мінен ерте ту­ған үшем пер­зентхана дә­рі­­­гер­­лерінің ба­қылауына алын­ған.

Медицина қызмет­кер­лерінің көмегімен сә­билер салмақ қосып, жағ­дайы жақ­сарды. Түркіс­тандық дәрігерлердің білік­тілігі мен күтімінің, тынымсыз ең­­бе­­гінің нәтижесінде шала туған шақалақтар аман қа­лып, аналары оларды бауырына басты.

Мамандардың айтуынша, қазір олардың өміріне төнетін еш қауіп жоқ. Нә­рес­­телерге жақындары Ха­сан, Хусан және Мухам­мад есімдерін берген.

Айта кетсек, үшем дү­ние­ге келген отбасының төрт қы­­зы мен екі ұлы бар. 39 жас­тағы келіншек 9 ба­ланың анасы атанды. Көп­балалы ана үй ша­руасында, ал отағасы – қара­пайым жұ­мысшы.

Былтыр облыс орта­лы­ғында 10 мыңға жуық сәби, ал жыл басынан бері 6 мың нә­ресте дүниеге келді. Ор­талық дәрігерлері жыл сайын жүз­деген шала туған нәрес­телердің өмірін сақтап қа­луда.

Ескендір ЕРТАЙ

Түркістан облысы