«Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында жаңа оқу жылын ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңес төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова бүгінде білім беру саласындағы басым міндеттердің бірі – офлайн оқуға оралу екенін атап өтті. Ол үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап қатаң сақталуы керек.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшуі үшін педагогтер мен қызметкерлер 100% вакциналаумен қамтамасыз етітлуі керек екенін айтты.
«Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды. Жоғары оқу орындарына келсек, 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуы тиіс», деді Е.Қиясов.
Кеңес мүшесі, «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ басқарма төрағасы Ғабит Бекахметов оқушыларды бастауыш, орта және жоғары мектеп блоктарына бөлуді ұсынды. Коронавирус анықталған жағдайда, карантинге бүкіл мектеп емес, нақты блок жабылады.
«Білім беру мекемелерінің басшыларына оқушыларды физикалық түрде бөлуге қатысты нақты ұсыныстар беру қажет. Мәселен, олардың үзіліске шығатын уақыты ғана емес, әр блокта сабақ басталатын және аяқталатын уақыт та әртүрлі болғаны жөн», деді ол.
Кеңес мүшесі, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтулеев қоғамдық көліктерде бақылауды күшейту қажет деп санайды. Оның айтуынша, оқушылар мен педагогтердің вирус жұқтыру қаупі нақ осы қоғамдық көліктерде жоғары.
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова өз кезегінде 1 қыркүйектен бастап елімізде 7 475 мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған Жол картасы аясында биыл 200 мектеп салу және 1000 мектепті жаңарту міндеті тұрғанын атап өтті.
«289 мекемеге күрделі жөндеу жүргізу, бірқатар мектептерде жиһаздарды жаңарту, жаңа пәндік сыныптарды ашу, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту жоспарланған», деді Ш.Каринова.
Отырыс соңында оқушылардың ұзақ уақыт онлайн форматта оқуына байланысты орын алған олқылықтарды талдау және олардың орнын толтыру үшін кешенді бағдарлама қабылдауға қатысты Білім және ғылым министрлігіне бірқатар ұсыным әзірленді. Кеңес мүшелері педагог тапшылығын техникалық мамандарды тарту арқылы шешуді ұсынды.
Референдум-2022 • Бүгін, 22:51
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Бүгін, 22:49
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Бүгін, 22:45
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Бүгін, 22:44
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Бүгін, 22:40
Экономика • Бүгін, 22:39
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Бүгін, 22:38
Референдум-2022 • Бүгін, 22:37
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Бүгін, 22:36
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Бүгін, 22:34
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Бүгін, 22:33
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Бүгін, 22:32
Медицина • Бүгін, 22:29
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Бүгін, 22:28
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Бүгін, 22:26
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 22:25
Аймақтар • Бүгін, 22:22
Аймақтар • Бүгін, 22:21
Өнер • Бүгін, 22:20
Өнер • Бүгін, 22:17
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Бүгін, 22:14
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Бүгін, 22:12
Аймақтар • Бүгін, 22:11
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Бүгін, 22:02
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Бүгін, 21:48
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Бүгін, 21:30
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Бүгін, 21:24
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Бүгін, 21:03
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Бүгін, 20:45
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Бүгін, 20:00
Жайна Шекербекова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокс • Бүгін, 19:47
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Бүгін, 19:30
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Бүгін, 19:12
Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді
Елорда • Бүгін, 18:58
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті
Бокс • Бүгін, 18:43
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға қанша қаржы бөлінді
Қоғам • Бүгін, 18:16
Тыйым салынған діни кітаптарды таратқан әйел жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҰҰ Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау жасайды
Экология • Бүгін, 17:52
Ұқсас жаңалықтар