Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Арал ауданында жұқпалы аурудан түйелердің табаны түсіп жатыр

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы, Арал ауданының үш ауылында биылғы жылдың маусым айының соңғы он күндігінде түйелер табанының түсуіне ұшыратқан ауру кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арал ауданында жұқпалы аурудан түйелердің табаны түсіп жатыр

Қазіргі таңда жергілікті ветеринария саласының мамандары ауру белгілерін анықтап, оған қатысты билік тарапынан жедел шаралар қабылданды.

Ауданға қарасты Аққұм, Қарақұм ауылдық округтері және Жақсықылыш кентінде 24 түйенің аталған аурумен сырқаттаған жағдайы тіркелді. Ветеринар мамандар түйелерге клиникалық тексеру жүргізіп, «Некробактериоз» болжамды диагнозын қойып отыр. Ол аса қауіпті ауру түрлеріне жатпайды.

«Аталған ауруға жануарлардың барлық түрі ұшырауы мүмкін. Ол қажетті жем-шөп қорегінің аздығынан, қуаңшылықтың болуынан туындайды. Мәселен, ол қыстан арық, көтерем болып шыққан, иммунитеті төмен малдарда жиі кездеседі. Ол ауырған түйелердің табанын зақымдап, мазольді қабатын бұзып түсіреді. Сондай-ақ лайлы-шалшық жерлерде, көктемде қора-жайларға механикалық антисанитарлық жұмыстардың жүргізілмеуінен де пайда болады.

Ветеринар дәрігерлер ауырған түйелерді емдеу үшін түрлі антибиотиктерді қолдануда», деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дармағанбетов.