Сондай-ақ 300-ден астам адамның шетелде тіркелген көлігі бар екені анықталды. Жалпы, 460 мыңнан астам қазақстандық мемлекеттік кіріс органдарына жиналған мүлкі туралы ақпарат жіберген.
«Бірінші науқанның ерекшелігі есепте – Қазақстанда бар активтерді көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені ол мәліметтер Қаржы министрлігінің интеграцияланған дерекқорына автоматты түрде түседі. Шетелде тіркелген пәтерлер, машиналар мен бағалы қағаздар декларацияда міндетті түрде көрсетілу керек. Бірақ олардың қайдан келгені тексерілмейді», деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.