Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі негізсіз баю үшін жауапкершілік енгізуді ұсынды. Бұл туралы бүгін өтіп жатқан ведомствоның алқа отырысында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Төраға Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Агенттік төрағасының айтуынша, Парламент жұмысы аяқталғанға дейін Мәжіліске тиісті түзетулер енгізілген.
«Түзетулердің бірі негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу болады. Бұл биылдан бастап іске қосылған жалпыға бірдей декларациялау тетігінің логикалық жалғасы», деді ол.
Агенттік шығысы заңды кірісінен едәуір асатын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуді ұсынған. Бұл жағдайда шенеунікке айыппұл салу немесе оны жұмыстан босату қарастырылады. Осы ретте Қазақстан ЭЫДҰ-ның салық ақпаратын Автоматты алмасудың Дүниежүзілік жүйесіне қосылып жатыр.
«Оның көмегімен біз шетелдік шоттар мен активтер туралы мәліметтер алу мүмкіндігіне ие боламыз. Енді жемқорлар ақшаны шетелде жасыра алмайды», деп атап өтті Ахметжанов.
Ведомство басшысы сөзінше Антикор қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірінші орынға шығады. Оның айтуынша, 6 айда 180-нен астам талдау мен мониторинг жүргізілді. Олар бойынша 2200-ге жуық ұсыным мен ұсыныс берілді.
Агенттік төрағасы мемлекеттік органдар енгізілген ұсыныстарды әрдайым орындай бермейтінін де атап өтті.
«Өткен жылдың сәуір айында біз Энергетика министрлігіне өтінімдерді қарау және газ көлемін бөлу тәртібін өзгерту бойынша ұсыныс білдірдік. Онда сыбайлас жемқорлық нормалары көп болды. Министрлік елемеді. Нәтижесінде қараша айында нарық субъектілерінен пара алған басқарма басшысы Н.Амангелдіұлы ұсталды. Осыдан кейін ғана рәсімдер өзгертілді», деді ведомство басшысы.
Шешім ретінде Агенттік мемлекеттік бақылаудың жеке саласы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін айқындау жолымен бақылаудың, бағалаудың және ықпал етудің тиімді тетігін құруды ұсынады.
«Бұл бізге қосымша өкілеттіктер бермейді, бірақ мемлекеттік аппарат пен азаматтарды қылмыстық орбитадан қорғауға мүмкіндік береді», деп түйіндеді ол.
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына 16 млрд теңге жұмсалмақ
Қоғам • Бүгін, 21:25
Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік ішінде тұншығып, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 20:42
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 19:45
Шымкенттегі жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 19:24
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Антикордың жалған жұмысшысы Каспий жағалауында жер телімін беруді талап еткен
ANTIKOR • Бүгін, 18:20
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Президент «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды
Президент • Бүгін, 16:25
Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиададан 72 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:49
Елордалық ЖОО-да конституциялық түзетулер мен алдағы референдум талқыланды
Елорда • Бүгін, 15:20
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Бүгін, 14:47
Премьер-Министр «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесу өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:25
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:43
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:14
Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған
Білім • Бүгін, 12:47
Семсерлесу федерациясының президенті мен бас бапкері ауысты
Спорт • Бүгін, 12:23
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Бүгін, 11:55
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Бүгін, 10:50
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:18
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Президент «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 09:17
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар