Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Атырау тұрғындары сирек кездесетін құс тауып алды

4023 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылының тұрғындары сұқсыр үйрекке ұқсас құсты тауып алған, деп жазады Egemen.kz.

Атырау тұрғындары сирек кездесетін құс тауып алды

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Нұрлан Иманғалиевтың айтуынша, 8 шілдеде әлеуметтік желіде Мұқыр ауылының тұрғындары сұқсыр үйрекке ұқсас құс табылғанын жариялаған.

«Құс адамдардан үрікпеген. Біздің инспекторлар ауыл тұрғындарымен байланысқа шықты. Тұрғындар тауып алған құсты Атырауға келе жатқан көлік жүргізушісі арқылы беріп жіберді. Инспекторлар құсты тексеруден өткізіп, жарақаттанбағанын анықтады. Сұқсыр үйрекке ұқсас құс «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы арқылы Каспий теңізіне құятын каналға жіберілді» дейді Нұрлан Иманғалиев.

Ал жергілікті орнитолог, «Қансонар» республикалық қауымдастығы өңірлік өкілдігінің директоры Александр Ивасенконың айтуынша, Атырау облысында сұқсыр үйректің бірнеше түрі кездеседі. Мұндай құс Қызыл кітапқа енбеген.