Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Биыл Шымкентте жаңа 12 бағдаршам орнатылады

702 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалада тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар шаруалар қолға алынған. Жаңадан бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл Шымкентте жаңа 12 бағдаршам орнатылады

Биыл осы мақсатта қалада жалпы 12 бағдаршам орнату мен 12 белсенді жаяу жолаушылар өткелін салу жоспарланған.

Бүгінде аталған бағдаршамның төртеуі орнатылды. Қалған 8 бағдаршам жыл соңына дейін орнатылатын болады. Бұдан бөлек, 12 белсенді жаяу жолаушылар өткелінің үшеуі орнатылды, ал жыл соңына дейін 9 белсенді жаяу жолаушылар өткелі салынады.

Айта кетейік, 2020 жылы Шымкент қаласының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 15 бағдаршам орнатылған болатын. Осы аталған жұмыстар негізінде қала аумағындағы жол апаты саны азайды.