Facebook-тегі «Дежурный по городу» тобында жарияланған суреттердің авторының сөзінше, Гагарин даңғылы бойындағы ондаған ағаш өліп қалған.
«Бір жыл бұрын әкімдік отырғызған ағаштарды ешкім суармайды. Не болып жатыр? Президент көрсеткен мөлшерге осылай жылдам жетпекші ме? Неғұрлым көп ағаш қураған сайын орнына жаңа ағаштар егеді... суарып не керек?», дейді Оксана Рюмина.
Әйелдің айтуынша, соңғы уақытта ағаштарды белгісіз біреулер кесіп кетеді екен.
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі оқиғаға қысқа түсініктеме берді.
«Түнде ағаштар суарылды», деп мәлімдеді аудан әкімі.