Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Атырауда коронавирус жұқтырған 160 адам қайтыс болған

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда коронавирус жұқтырған 160 адам қайтыс болған

Оның айтуынша, қайтыс болғандардың орташа жасы – 67 жас.

«Соңғы он күнде өңірде өлім көрсеткіші 50%-ға өсті. Ал жыл басынан бері Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 160 адам қайтыс болды. Олардың дені – созылмалы ауруы бар егде жастағы адамдар», дейді Қайсар Абдалиев.