Тағайындау • 09 Шілде, 2021

ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі тағайындалды

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжановтың бұйрығымен Мұрат Нұрбаев ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі тағайындалды

Мұрат Нұрбаев 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2006 жылы осы мамандықтың магистрі атанған.

Әр жылдары «31-арна», «Қазақстан», «Астана», «7-арнада» журналист, шеф-редактор ретінде қызмет атқарған.

«Қазақстан даму банкі» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы, «Алтын Қыран» компаниялар тобының баспасөз қызметінің жетекшісі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің баспасөз қызметінде консультант, ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде консультант, инспектор лауазымдарында қызмет етті.

«Мұрат Нұрбаев журналистикада, одан бөлек қоғаммен байланыс қызметінде мол тәжірибе жинаған білікті маман. Ісіне сәттілік тілеймін!» деп жазды Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.