Қазақстан • 10 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша ахуал күрделі

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ералы Тоғжанов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентке елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша ахуал күрделі

«Дельта штамының елімізде тіркелуіне байланысты Үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша кешенді алдын алу шараларын қабылдады. Бірінші, денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурстары жұмылдырылды. Материалдық-техникалық жабдықтар, дәрі-дәрмектің екі айлық қоры, кадрлық резерв дайындалды.

Екінші, қалыптасқан эпидахуалға байланысты барлық өңірлерде карантиндік шаралар қатаңдатылды. Үшіншіден, бүгінде жалпы 32 мың инфекциялық төсек-орын бар, оның 37 пайызы қолданыста. Дегенмен ең күрделі жағдай Нұр-Сұлтанда, кеше қалада қосымша төсек-орындар ашылды. Қабылданған шараларға қарамастан мұнда инфекциялық орындардың 62 пайызы, реанимациялық орындардың 85 пайызы науқастармен толып отыр. Оның себебі – елордада соңы айда науқастану саны төрт есеге артып отыр», деді Ералы Тоғжанов.