Спорт • 11 Шілде, 2021

Олимпиада алауы Токиоға жетті

43 рет көрсетілді

Бір жылдық кідірістен кейін Олимпиада алауы Токиоға да жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Олимпиада алауы Токиоға 120 күндік сапарының соңғы екі аптасында Жапониядағы барлық 47 префектураны аралап келді.

«Үміт біздің жолымызды нұрландырады» деген ұранмен саяхаттаған алау 1964 жылы Токио Олимпиадасына арналып салынған Комадзава Олимпиада паркі стадионында салтанатты түрде қарсы алынды.

«Мен алау эстафетасын сәтті өткізуге көмектескендерге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз бүкіл Жапониядағы адамдардың көмегімен қиын жағдайларды жеңе алдық», деді Токио губернаторы Коике Юрико.

Алауды үш дүркін паралимпиада ойыншысы Тагучи Аки подиумға алып шықты.

Ойындар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде базар өртенді

Оқиға • Бүгін, 09:27

Аң патшасы көбейді

Экология • Бүгін, 07:42

Жер астынан жол шықты

Аймақтар • Бүгін, 07:40

Жеке рекордын жаңартты

Теннис • Бүгін, 07:36

Жаңа бапкер жарылқай ала ма?

Футбол • Бүгін, 07:22

Күйеуінің кітабын сатқан әйел

Әдебиет • Бүгін, 07:20

Журналистика мэтрін еске алды

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:18

Сананы тұрмыс билесе...

Руханият • Бүгін, 07:18

Өркендеу өзегі – өзгеріс

Референдум-2022 • Бүгін, 07:14

Әділетті мемлекет құрудың бастамасы

Референдум-2022 • Бүгін, 07:10

Қолдау білдірді

Референдум-2022 • Бүгін, 07:08

Жастардың әрбір ұсынысы ескеріледі

Референдум-2022 • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар