Оркестр үшін де, балет әртістері үшін де күрделі қойылым жарты ғасырдан соң қайта сахналанды. Қалай айтсақ та, үлкен өнер ошақтарында бұрынғы көңіл күй мен сән-салтанатты оқиғалар жоқ. Оқшауланған театрда бір-біріне үрке қарайтын көрермен де баяғыдай емен-жарқын қауыша алмайды. Бірақ осының бәріне қарамастан, бекзат өнерге адалдығынан танбаған театр труппалары ізденістерін тоқтатқан жоқ. Алаңсыз күндердің қайта оралатынына үміттенетін шығармашылық ұжымдардың шымылдықтары шаттықпен түрілетініне біз де сенеміз.

Сонымен Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры биылғы маусымды Арам Хачатурянның «Спартак» балетінің жаңа қойылымының жабық көрсетілімімен аяқтады. Тіпті театрдың кейбір жаңа қойылымдарын залдан емес, саусақпен санарлық көрермен сахна шетінде балет майталмандарымен қатар көруге тура келгенін ескерсек, бұл жаһанды жайлаған індет өнерге де өз үстемдігін жүргізіп отыр деп біліңіз.
Бұл балет қоюшы-балетмейстер Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Түткібаеваның, қоюшы-суретші Ресейдің Халық суретшісі Вячеслав Окуневтің және қоюшы-дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяровтың жаңа сценографиясында көрерменге ұсынылды.
Алғаш рет «Спартак» балетін Абай атындағы МАОБТ 1974 жылы Заурбек Райбаев композитор Арам Хачатурянмен бірге ұсынып, еліміздің бас театрының мәдени мұрасының алтын репертуарына лайықты түрде қосқан екен. Театр репертуарында академиялық хореографиясы бар классикалық балеттер басым болғанына қарамастан, сол дәуірдің балетмейстерлері мен композиторлары барлық қызықты машақат пен сынаққа баруға дайын еді. Театр тарихына қосылған сол «Спартактағы» басты партияларды кезінде қазір аңыз болған Рамазан Бапов, Раушан Байсейітова, Людмила Рудакова, Эдуард Мальбеков, Сара Көшербаева сынды сахна саңлақтары сомдаған.
«Арам Хачатурянның музыкасы бүкіл спектакльдің іс-әрекетін толыққанды сипаттайтындықтан, мен үшін аңыз. Джон Уильямс және Ханс Циммер сынды композиторлар Голливудтың тарихи фильмдеріне дәл осы музыкадан негіз алған. Өресі биік, импрессияға толы, керемет музыкаға сүйсінбеу мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін «Спартак» оркестр үшін де, балет әртістері үшін де ең күрделі балет қойылымдарының бірі болып саналады. Заурбек Райбаевтың тарихи нұсқасы театрымыздың визиттік карточкасы болып табылады. Әрине, Арам Хачатурянның өзі біздің театрымызда өз ноталарын жазып, дирижерлеген партитура бойынша спектакльге дирижерлік ету мен үшін үлкен мәртебе!..», дейді спектакльдің қоюшы-дирижері Ерболат Ахмедьяров.
«Спартак» «нағыз ерлердің балеті» болып саналады, онда көптеген ұрыс көрінісі, жауынгерлік, эпикалық шайқастар және күрделі ерлер биі бар, бірақ сюжеттің қатыгездігіне қарамастан, көптеген көрініс сирек кездесетін сұлу лирика мен адажиоға, ал басты кейіпкерлердің образдары махаббат пен құмарлыққа толы.
Журналистермен жүздесу барысында ескі де жаңа қойылым туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры труппасының көркемдік жетекшісі, қоюшы-балетмейстер, Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Түткібаева: «Бұл «Спартак» балетінің жаңа қойылымы, себебі театр сахнасында 10 жылдан астам уақыт көрсетілмеді, мизансценаның қандай да бір өзгешеліктері жоғалып кетті, костюмдер мен декорациялар да ескірді.
Ал жаңа «Спартакта» көрермен сахналық безендірудің де, кейіпкерлер мен бейнелердің де жаңарған түрін көре алады, сонымен қатар спектакльдің жаңа жарықтық шешімін жасауға тырысамыз. Жарық – көрермен сахнада көретін негізгі компоненттердің бірі. Хореографияға келетін болсақ, мұнда біз театрымыздың дәстүрін сақтауды жөн көрдік. Менің ойымша, спектакль ерекше болмақ, өйткені көрермендер басқа қырынан қабылдайды – жаңартылған энергия, Рим империясының рухына енетін көлемді декорациялар, спектакль ауқымды және орасан зор болып көрінеді», дейді.
Есептеп қарасақ, араға жарты ғасырға жуық уақыт салып қайта оралып жатқан бұл «Спартактың» нендей артықшылығы бар? Әрине, бұл – сахна салтанаты, театрлық технологиялар мен жарық түсіру өнері.
Түпнұсқасы сақталған жаңа премьерада труппаның жетекші солистері – Жәнел Түкеева, Азамат Асқаров, Архат Әшірбек, Айман Егісбаева, Малика Елшібаева, Нельсон Пенья, Гүлвира Құрбанова, Рахым Даиров сынды дарындар жарқырап көрінді.
Қоюшы-суретші Вячеслав Окуневтің эскиздері бойынша театрдағы тігін цехының шеберлері 300-ге тарта костюм тігіп қана қоймай, жұмсақ және қатты декорациялардан монументтік және жипописьтік тамаша көріністер тудырғанына да тоқтала кету керек. Бұл да орасан еңбек.
Спектакльдің музыкалық материалдары да өзіндік шежіреге ие.
Осылайша, Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры өзінің 87-ші театр маусымын «Спартак» балетінің премьералық көрсетілімімен аяқтады. Журналистер мен блогерлер Arte галереясында өткен баспасөз мәслихатында еліміздің бас театрының жаңа жоспарлары туралы ақпарат алып, өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, мәдени астананың тұрғындары мен қонақтарына ұсынылатын жобаларды талқылады.
АЛМАТЫ
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Спорт • Бүгін, 08:50
Швейцариядан да ұпай ала алмады
Хоккей • Бүгін, 08:49
Қаратау бөктеріндегі «Қымызмұрындық»
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Студенттер кеңес беру жобасына қатысады
Білім • Бүгін, 08:42
Ұқсас жаңалықтар