Ел өңірлерінде «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық іс-шарасының екінші кезеңі басталды. Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған.

Іс-шараның мақсаты – аз қамтылған көпбалалы және ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасыларға көмек көрсету. Оларға ұн, картоп, жеміс, күріш, қарақұмық, шай, қант, күнбағыс майы сияқты азық-түліктер, гигиеналық заттар және басқалар жеткізіп беріледі. Қайырымдылық акциясына іліккен әр отбасы 130 килограмға дейін тауар ала алады.
Айта кетейік, бұл іс-шара екінші рет өткізіліп отыр. Ол алғаш рет осы жылдың сәуірінде ұйымдастырылған еді. Ол кезде азық-түлік өнімдері және аса қажет басқа да тауарларды Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарынан 681 отбасы алған.
Бұл жолы қайырымдылық іс-шарасы Тараз, Талдықорған, Орал қалаларында, сондай-ақ Алматы және Ақмола облыстарында тұратын 1 000 отбасыны қамтиды.
– Мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ұмтылу – халқымызға тән қасиет. Коронавирус пандемиясы біздің қоғамда қайырымдылық бастамаларын жүзеге асыруға дайын жандардың көп екенін тағы бір рет көрсетті. Ондай адамдардың қатарына «Дегдар» қорының қызметкерлерін, LIDER KZ еріктілер қозғалысының мүшелерін жатқызуға болады. Олар Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен бірге аймақтарда «Елбасы жылуы» іс-шарасын ұйымдастыруға көмектесіп жүр, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.
Оның айтуынша, «Елбасы жылуы» – коронавирус пандемиясынан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге бағытталған бастамалардың бірі. «Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған Birgemiz қорының жұмысы барысында миллиондаған жерлесіміз қаржылай да, азық-түлік түрінде де көмек алып, медициналық заттармен қамтылды. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қатаң карантиннің алғашқы күндерінен-ақ медициналық заттар сатып алуға, медицина қызметкерлерін қолдауға 200 миллион теңге бөлді. Содан кейін Қор емдеу мекемелеріне коронавирус инфекциясынан қорғанатын медициналық құралдарды, өкпені жасанды тыныстандыру (ӨЖТ) аппараттарын алып берді».
«Дегдар» қорының директоры Лаура Ахметова осы іс-шара туралы былай деді: «Жобаның бірінші кезеңі оның маңызы зор екенін көрсетті. Адамдар біздің көмегімізді алғыстарын жаудыра отырып қабыл алды.
Біздің халқымыз қашанда бір-біріне қолғабыс жасау дәстүрімен мықты. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Дегдар» қорының бастамасы еліміздегі көптеген қайырымды жанның игі ісі арқылы жалғасын табады деп сенемін».
Елордада заңсыз қоқыс тастағандарға 16 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Елорда • Бүгін, 18:22
Сауд Арабиясының королі ауруханадан шықты
Әлем • Бүгін, 18:12
ҰҚШҰ Орталық Азияның оңтүстік шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек – Тоқаев
Президент • Бүгін, 18:01
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық мәлімдемесі қабылданды
Президент • Бүгін, 17:56
Аймақтық қауіпсіздікті сақтау ҰҚШҰ-ның басты міндеті – Қ.Тоқаев
Президент • Бүгін, 17:51
Президент ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 17:50
Биыл Алматыда мың жас баспаналы болады
Аймақтар • Бүгін, 17:44
Иракта құмды дауыл салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 17:36
Ақтау теңіз портында контейнерлік хаб құрылады
Қазақстан • Бүгін, 17:24
Президент ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысып жатыр
Президент • Бүгін, 17:20
АҚШ-та шіркеуге шабуыл жасалды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:02
Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырған болуы мүмкін
ANTIKOR • Бүгін, 16:49
Елорда маңайындағы жасыл белдеуге 450 мыңнан астам көшет отырғызылады
Елорда • Бүгін, 16:48
Алматы-Ташкент пойызы қайта жүре бастады
Қоғам • Бүгін, 16:33
Батыс Қазақстанда жастар штабы құрылды
Аймақтар • Бүгін, 16:23
Болат Әбіловтың қандай партия құратыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 16:12
Жыл басынан бері 25 адам суға батып кеткен
Қоғам • Бүгін, 16:02
Қаржы • Бүгін, 15:55
Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды
Қазақстан • Бүгін, 15:43
«Қазақстан халқына» қоры қайырымдылық бағдарламасын іске қосты
Қоғам • Бүгін, 15:32
Текелідегі лай көшкінінен зардап шеккендерге үй беріледі
Аймақтар • Бүгін, 15:21
Қызылордада 16 адамды алдаған алаяқтар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Еліміздегі ақылы автотұрақтарға өзгеріс енгізілді
Елорда • Бүгін, 15:05
Алматыда құны 1,8 млрд теңге болатын контрафактілік автобөлшектер табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шомылуға рұқсат етілген жерлерді мобильді қосымша арқылы көруге болады
Қоғам • Бүгін, 14:23
ТЖМ шомылуға рұқсат етілген жерлерді белгіледі
Қоғам • Бүгін, 13:52
4 пайыздық автонесиенің сақтандыру шығынын кім төлейді?
Қоғам • Бүгін, 13:28
Қосшыда жеті жасар қыз пеште тұншығып қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 13:09
«Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:47
Қызылордада полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:35
Зейнеткерлерге автонесие беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Есірткі сататын 655 сайт бұғатталды
Қоғам • Бүгін, 12:09
4 пайыздық автонесиені беретін 4 банк анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:58
Елімізде бір аптада 3,1 мың қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті
Футбол • Бүгін, 11:38
Бос жерлерге қауіпті қалдық төккен: бірнеше өңірде шенеуніктер жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:17
Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды
Теннис • Бүгін, 11:03
Елімізде 571 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:58
Ұқсас жаңалықтар