Спорт • 12 Шілде, 2021

Сербияда өткен турнирде 12 жасар қазақстандық жеңімпаз атанды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияда өткен Serbia Chess Open 2021 шахмат турнирінде 12 жасар қазақстандық Даниял Сапенов 9 ұпайдың сегізін еншілеп, 1-орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Сербияда өткен турнирде 12 жасар қазақстандық жеңімпаз атанды

Бұл жайында Қазақстан шахмат федерациясы мәлімдеді.

Даниялдан бөлек, тағы бірнеше қазақстандық аталған жарысқа қатысып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Айта кетсек, бұл ашық турнирде әуесқойлар тобында 30 елден 194 шахматшы бақ сынады.

ҚР ерлер командасының мүшесі, халықаралық мастер Денис Махнев Serbia Chess Open 2021 турнирінде мастерлер арасындағы көптен күткен гроссмейстердің 3 ұпайын жеңіп алды.

Ең жоғары шахмат дәрежесін алу үшін халықаралық гроссмейстердің 3 нормасын орындап, 2500 рейтингіне қол жеткізу керек. ҚР жастар құрамасының мүшесі, ФИДЕ әйелдер мастері Ксения Балабаева халықаралық мастердің нормасын орындап шықты.