Экология • 12 Шілде, 2021

Іле-Балқаш резерватына бұқар бұғылары жіберіледі

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іле-Балқаш резерватына үшінші рет бұқар бұғысы жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іле-Балқаш резерватына бұқар бұғылары жіберіледі

«Экология министрлігі жабайы табиғат қорымен (WWF) бірге 61 бұғы жіберуді жоспарлап отыр және бұл бір жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шығару аймағында табиғатқа шыққан бұғыларды бақылау үшін фото тұзақтар қойылды. Бұғылардың популяциясын бақылауды күшейту үшін жалпы алғанда 9 спутниктік жағабау пайдаланылады», деп хабарлады Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Леонид Сидоренко.

Мамандардың айтуынша, бұл технологиялар бүкіл әлемде қолданылады, олардың көмегімен бұғының қозғалысын бақылауға болады. Құрылғылар ауыртпалықсыз орнатылады және жануарларға ешқандай зиян келтірмейді.

Бұқар бұғыларының Балқаш ауданының жабайы табиғатына оралуы жолбарыс реинтродукциясы бағдарламасының маңызды кезеңі болып саналады. Оны Ресейдің WWF және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп жүзеге асырып келеді.