Лондондағы «Уэмбли» футболдан Еуропа чемпионатының финалын қабылдады. Италия мен Англия құрамалары кәрі құрлық чемпионы атағына таласқан. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында Италия құрамасы басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ағылшындар жылдам гол соқты. Ойынның небәрі 2 минутында Люк Шоу ғаламат гол соқты. Бұл «Манчестер Юнайтед» қорғаушысының ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы екенін де айта кету керек. Айтпақшы, Шоудың голы – Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол. Ол матч бастала салысымен 1 минут 57 секундтан соң есеп ашты. Бұған дейінгі рекорд испан футболшысы Хесус Передаға тиесілі еді. 1964 жылғы додада ол 5 минут 17 секундта мергендік танытқан.
Есеп 67 минутқа дейін өзгеріссіз тұрды. 67 минутта Италия құрамасының қорғаушысы Леонардо Бонуччи гол соғып, жағдайды теңестірді. Командалар қосымша уақытта да жеңімпазды анықтай алмай, пенальти сериясына жүгінді. Лотореяда Роберто Манчини шәкірттері 3:2 есебімен жеңіп кетті. Соңғы сәтте Пикфорд Италия ойыншысы Джорджиньоның соққысын қайтарып, үміт отын оятқан. Алайда соңғы болып допқа жақындаған ағылшын құрамасының жас ойыншысы Сака соққысының траекториясын Доннарума дәл тапты.
Бұл Италия құрамасының Еуропа чемпионатындағы екінші жеңісі. Соңғы рет 1968 жылы жеңіске жеткен еді. Ал Англия құрамасы турнир финалына тұңғыш рет шықты және онысы сәтсіз аяқталды.
Италия топтық кезеңдегі үш ойыннан толық 9 ұпай жиып, плей-офф кезеңіне сенімді шыққан болатын. Одан әрі қарай да Роберто Манчини шәкірттері жанкүйерлер сеніміне селкеу түсірген жоқ. Әр кездесу сайын бабы келіскен, бағы шапқан құрамаға айналғанын дәлелдеумен болды. 1/8 финалда Бэйл бастаған Уэльс жігіттерін 2:1 есебімен жеңсе, ширек финалда көпшілік үміт күткен Бельгиядан да дәл осы есеппен басым түсті. Жартылай финалда Испания құрамасымен итжығыс түсті. Алайда пенальти сериясында Луис Энрике шәкірттеріне қарағанда допты түзу тебетіндерін байқатты. Сөйтіп, финалға келген еді.
Англия да өз тобында бірінші орын алды. Жиғаны – 7 ұпай. Ағылшындарды топтық кезеңде апырып-жапырып өнер көрсетпей-ақ, тіпті топырлатып гол да соқпай-ақ финалға шығуға болатынын дәлелдей алған бірегей ұжым десе де болғандай. Олар Хорватияны 1:0 есебімен жеңсе, Шотландиямен тең түсті (0:0), топтағы соңғы матчта чех құрамасын тағы да 1:0-мен жеңе алды. 1/8 финалда неміс футболшылары мәлім де беймәлім ағылшындарға қарсы айла жасай алмады. Бұл ойын 2:0 есебімен Саутгейт командасының жеңісімен аяқталып еді. Ал ширек финалда Украинаны 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Одан соң жартылай финалда Дания құрамасымен жолықты. 1992 жылғы ерлікті қайталауға барын салған дат жігіттері ағылшын футболшыларының осал тұсын таба алған жоқ. Есеп 2:1, Англия құрамасының пайдасына. Экстра-таймда пенальтиді сәтті орындаған капитан Хәрри Кейн өз құрамасын финалға алып шықты.
Еуропа чемпионатын жарты жолдан тәмамдағанына қарамастан Криштиану Роналду мен Патрик Шик (Чехия) турнирдің бас сұрмергендері атанды. Екеуінің де еншісінде 5 голдан бар. Нәтижелі пас беру бойыншы Швейцария құрамасының ойыншысы Стивен Цуберге тең келер ешкім болған жоқ. Ол турнир барысында төрт рет голға айналар пас асырған екен.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар