Қоғам • 12 Шілде, 2021

Павлодарда урбанистика және Art-орталығы құрылады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында дарынды жастарды қолдау мақсатында креативті экономика концепциясы әзірленуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда урбанистика және Art-орталығы құрылады

Жаңа бағдарлама музыка, визуалды және орындаушылық өнер, қосымшалар мен ойындарды әзірлеу, әдебиет, фестивальдер, кино, видео және анимация, радио және телевидение, фото бағыттарын қамтыды.

Торайғыров университеті Павлодар облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесіп, қаланың нақты сұраныстарын өтеу мақсатында «Urban center PVL» урбанистика орталығын ашуға ұсыныс жасады.

Облыстық мәдениет және білім беру басқармаларымен бірге аспаптық орындау, вокал және актерлік шеберлік дағдыларын жетілдіру мақсатында «ART CENTER ToU» құрылады.

Алаңдар курстар мен шеберлік сағаттары, тик-ток зоналар, фото-бейнетүсірілімге үйрету, видеоны монтаждау, блог құру және әлеуметтік желілерге арналған контент құру циклын қамтиды. Кәсіпкерлік басқармасымен бірге қаржыландырылатын креативті жобалар бойынша жұмыстар жалғасын табады.